"Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы" атты дөңгелек үстел
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т. Абдрасилованың ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған "Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы" атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Б.О.Байжігітов, жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы К.Ә. Бейсебекова және мектеп психологы М.С.Абуеваның қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелдің аяғында іс-шараға белсенді қатысқаны үшін К.Ә.Бейсебекова мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.