Цифрлық трансформациялау жағдайында мектептің білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Цифрлық трансформациялау жағдайында мектептің білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары
05
декабрь
2025

Цифрлық трансформациялау жағдайында мектептің білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары


2025 жылдың 12 тамызында Эксперименталдық бағдарламалар кеңесінің шешімі қабылданып, Жамбыл облысы Қордай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектебінде жаңа эксперименттік жұмыстар басталды. Бұл бастама білім беру сапасын арттыруға бағытталған цифрлық трансформацияның нақты қадамы болып отыр.

Осы мақсатта біздің мектеп — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп — тірек мектеп ретінде белгіленді. Тірек мектеп мәртебесі аясында оған үш шағын жинақталған мектеп бекітілді:

І. Жансүгіров атындағы мектеп

М. Қозыбаев атындағы мектеп

Т. Бегілдинов атындағы мектеп

Тірек мектептің жұмысы
Тірек мектептің тәжірибелі мұғалімдері биология, математика, физика, химия және ағылшын пәндерінен онлайн сабақтар жүргізуде. Бұл сабақтарға бекітілген шағын жинақталған мектептердің оқушылары қатысып отыр.

Сабақтар дуэттік әдіспен ұйымдастырылуда: тірек мектептің мұғалімі мен шағын мектептің мұғалімі бірлесіп сабақ өткізіп, оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз етуде. Мұндай тәжірибе оқушылардың білім деңгейін теңестіруге, мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығын арттыруға және цифрлық трансформацияның тиімділігін көрсетуге бағытталған.

Жобаның негізгі бағыттары
Оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу

Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану

Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру

Оқушылардың жеке оқу траекториясын қалыптастыру

Қорытынды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің тірек мектеп ретінде атқарып отырған жұмысы — аймақтағы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды тәжірибе. Онлайн сабақтар мен дуэттік әдіс шағын жинақталған мектептердің оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртуға үлес қосуда.