Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің базасында халықаралық санаттағы тренер-медиатор, "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ медиация орталығының басшысы, "Қазақстан медиаторлары қауымдастығы" ЗТБ бас директоры Ж.А.Жакуповтың, Қордай аудандық сотының судьясы М.А.Алиманованың және Қордай аудандық прокуратураның прокуроры Н.Әбіштің қатысуымен мектеп медиациясы бойынша аудан мектептерінің директорлардың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және психологтарға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің соңында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т. Абдрасилова "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ Президенті Ж.А.Жакуповтың алғыс хатымен марапатталды.