Аудандық семинар! » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық семинар!
26
февраль
2021

Аудандық семинар!

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің оқу - әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпанында "Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық, инклюзивті оқыту үрдісі, тәжірибек мен ұсынымдар" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысында мектеп директоры К.У.Нусипбаева мектептің даму жоспарын ұтымды және нәтижеге бағытталған жұмыста жоспарлау туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі таңда актуалды орын алып жатқан "CLILL" технологиясын дамыту, кәсіптік бағдардың жұмыс жүйесі мен инклюзивті білім берумен қамтылған оқушылармен жұмысты жүргізудің ерекшеліктерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Байжигитова, білікті ұстаздар А.Қ.Қалдарбекова, Е.А.Писаренко, А.Ж.Беккулова, Ч.Д.Джунусова, Н.А.Вовнейко, Б.Ә.Тынысбай және мектеп психологі М.С.Абуева өз тәжірибелерімен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Кусаинова "Шаңырақ" оқушылар қауымдастығының жұмысын, жүзеге асырылған жобаларын таныстырып өтті.