Мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс! » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс!
15
декабрь
2021

Мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс!

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Спорт дегеніміз-денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік" дегендей, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №51 орта мектебінде мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. 
   Спартакиаданың мақсаты - ұстаздардың арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.
   Ұстаздардан құралған 6 команда өздерінің күш-қайратын, жігерін, алға ұмтылысын сынап көрді. 
    Аудандық білім бөлімінің басшысы С.С.Аширбеков, аудандық кәсіподақ төрайымы Қ.Қ.Кипчакбаева, орынбасары Б.А.Алпысбаев, мектеп директоры К.У.Нусипбаева әділқазылар алқасы мүшелері болды. 
    Эстафетаның қорытындысы бойынша ағылшын пәнінің әдістемелік бірлестігі "Позитив" командасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.