23
апрель
2019
Спорттық эстафеталық жарыс
22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай №51 орта мектебінде мұғалімдер арасында спорттық эстафеталық жарыс өткізілді. Мұғалімдер «Қыран», «Барыс», «Самрұқ» атты 3 команда болып, эстафеталық жарысқа қатысты. Алдыға «Самрұқ» командасы шығып, І орынға ие болды, ал «Қыран» командасы ІІ орынға, «Барыс» ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, барлық сыныптарда «Ұлыстың ұлы күніне» сынып сағаттары өткізілді.