04
ноябрь
2021
"Үш тілде білім берудің болашағы бекем, мәртебесі зор" атты аудандық форум
2021 жылы 29 қазан күні №51 орта мектебінде Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "Үш тілде білім берудің болашағы бекем, болашағы зор" атты аудандық форумы өткізілді. Аталған форумда биология пәнінің мұғалімі Қалдарбекова А.Қ. және физика пәнінің мұғалімі Писаренко Е.А. CLILL технологиясы, яғни үш тілде оқыту бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Форум "Тәуелсіздік-тарихтың алтын беті" атты мерекелік іс-шарасымен ұласты. Іс-шара барысында оқушылар үш тілде тақпақ айтып, "Егемен Қазақстан" әнін хормен орындап, кадет вальсімен аяқтады. Форумға қатысқан ұстаздар Аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.