Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары
08
сентябрь
2020

Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары


Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім  балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.


Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі 

Жауапты       


1.


- Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспарын құру;


Тамыз 





Әлеуметтік педагог


2. 


- Мектепке келген оқушылардың әлеуметтік куәлігін жасау;

- Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау;

- Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;

- Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау:

  • Тұл жетім, жартылай жетім балаларды анықтау тізімін жасау;
  • Көп балалы отбасы балалар тізімін жасау;
  • Оралман оқушылардың тізімін жасау;
  • Үйде оқытылатын оқушылар тізімін жасау;
  • Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімін жасау;
  • Тәртібінде ауытқуы бар оқушылар тізімін жасау.


Қыркүйек









Әлеуметтік 

педагог,

сынып жетекшілер




Кітапхана қызметкерлері



Асхана қызметкерлері



Әлеуметтік педагог


3.

- Оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілермен таныстыру;

- Әр сыныпқа әлеуметтік диагностикалық куәлік (паспорт) жасау;

- Балаларды қорғау  бұрышын  ұйымдастыру

-  «Мүгедектер» мен «Қамқоршылар күнін» ұйымдастыру

Қазан


Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер


Сынып жетекшілер

4.

- Оқушылардың әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығын) диагностикалау және отбасын анықтау мақсатында анкеталар жүргізу (7-10 сыныптар арасында).

Қараша




Әлеуметтік педагог


- Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу;

- Көп балалы, жартылай жетім, толық емес отбасынан шыққан оқушылардың отбасылық жағдайын талдау және мониторингін құру;

- Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау.






Үнемі 

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер


5. 


- Отбасы жағдайы төмен оқушыларға материалдық қолдау көрсету ;

- «Ас адамның арқауы» тақырыбына  оқушылар арасынан сауалнама алу.

-Аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасы балаларын жаңа жылдық шыршаға  қатыстыру



Желтоқсан


Әлеуметтік педагог



6.

-Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру;

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу;

- Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару;

- «Мен және жанұям» тақырыбында ата- ана сының қамқорлығынсыз қалған балаларға сауалнама алу.

Әр сыныптың төлқұжатын жасау

Қаңтар

Үнемі 


Тоқсанына 1 рет





Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

Психолог


- Мектепішілік есепте тұратын қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың тізімін анықтау және әлеуметтік жұмыстармен     тұрғын жай актін жүргізу;

- Қолайсыз отбасыларды анықтау және рейд жүргізу;


Ақпан

Үнемі





Әлеуметтік педагог


7.

- 5-9 сыныптар арасында әлеуметтік диагностикалық жұмыстар жүргізу және анализ жасау;

- Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілерінің материал жинауына көмек көрсету.

- Мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақтың сапасына мониторинг жүргізу.

Наурыз



Әлеуметтік педагог


8.

- Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру;

- 5-8 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу;

Сәуір



Әлеуметтік педагог

Сынып жетекші.

ДТЖО


- Мектепішілік педагогикалық кеңестерге қатысу;

- Аудандық, облыстық семинарларға қатысу;

- Білім көтеретін курстарына бару; 

Жыл бойы


Әлеуметтік педагог


9.

- Мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақтың сапасына мониторинг жүргізу

- Жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру және ата-аналармен кездесу;

- Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебін жасау.

Мамыр



Әлеуметтік педагог


Әлеуметтік    педагог:                 Байкнова С.А