Хабарландыру! » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!
01
декабрь
2022

Хабарландыру!

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
 
Байқау уақыты:01.12.2022 – 09.12.2022 (қоса алғанда) жыл аралығында
 1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің 
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ

          Мекен-жайы: Қордай ауылы, Байзакова 23а
 3. Пошталық мекен-жайы: 080400
 4. Байланыс телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-54-56, ұялы телефон: 87757444948
 5.Электрондық пошта:E-mail: shkolaa.51@mail.kz
 6. Қажетті маман: 
оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға сабақ жүргізетін физика пәні (1 вакант уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты еңбек демалысында)

           7. төлемеңбек өтілі мен санатына сәйкес.

Лауазымдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

        кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

             Біліктілікке қойылатын талаптар:

 тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық;

     педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

     педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.


Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 09 желтоқсанды қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзімі 2022 жылғы 12 желтоқсаннан  бастап 2022 жылғы 16 желтоқсанды қоса алғанда.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: .    

1.     Нысан бойынша өтініш (10-қосымша);

2.     Құжат, жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін );

3.      Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген - Бар болса);

4.      Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.     Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6.     Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7.     Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.     Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.     Квал.тест сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10. Кандидаттың толтырылған бағалау парағы (11-қосымша)

Похожие публикации:

06 сентябрь 2022 Хабарландыру!!!
01 сентябрь 2022 Хабарландыру!!!
15 август 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
15 август 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!