Хабарландыру!!!
БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Байқау уақыты:06.09.2022 – 16.09.2022 жыл аралығында
1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 51 орта мектебі» КММ
Мекен-жайы: Қордай ауылы, Байзакова 23а
3. Пошталық мекен-жайы: 080400
4. Байланыс телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-54-56, ұялы телефон: 87757444948
5.Электрондық пошта:E-mail: shkolaa.51@mail.kz
6. Қажетті маман: оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға мектеп психологы (1 вакант уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты еңбек демалысында)
7. төлем: еңбек өтілі мен санатына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді;
дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады.