2019-2020 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жылдық есебі » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жылдық есебі
08
сентябрь
2020

2019-2020 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жылдық есебі

2019-2020 оқу жылында   әлеуметтік педагогтың  жылдық есебі

      

     Әлеуметтік педагогиканың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

№51 орта мектеп бойынша жалпы оқушылар саны жыл басында – 1343 бала болды. Оның ішінде:

-Аз қамтылған, жағдайы төмен жанұя балаларының саны-

-Толық емес отбасы  саны-.115

- Көп балалы отбасы балаларының саны-325

- Жетім және   ата- ананың қамқорлығынсыз қалған бала саны-3

-Жағыз басты ана:

-Жалғыз басты әке:-4

-Сәтсіз отбасы:-1

-Үйде оқитын оқушылар саны:-11

-ПДТ бағдарламасымен оқитын оқушылар саны:14

- Аудандық есепте тұрған балалар саны:1

-Мектепшілік есепте тұрған оқушылар саны:2

-Өгей ата- ата анасымен тұратын оқушылар -15

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жетім, қамқорлықтағы балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі.Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды бракеражды комиссия жүзеге асырады. Мектебімізде ыстық тамақпен  -125 оқушы қамтылған. Ай сайын аз қамтылған, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген қаражат есебі ауыл әкімдігіне  жіберіліп отырады. Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке  жол» атты 2019 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында акция жүргізілді. Акцияға біздің мектебімізде өз үлестерін қосты. Акциясының іс-шаралар ж о с п а р ы жасалды. «Жүректен жүрекке» атты ұранмен жүргізілді.   Акция аясында 20 оқушыға көмек көрсетілді.Қазан айының бірінші жексенбісінде мүгедектер күні атап   өтілді. 29 қазан Қамқоршылар күні.Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

 2019 жылы желтоқсан айының 26 жұлдызында аудан әкімінің жасыл шырша тойына мектебімізден  4  оқушы, президентік жасыл шыршаға 1 оқушы жіберілді.  Үйде оқитын мүгедек оқушыларға жаға жыл қарсаңында әр үйге кіріп сыйлықтар берілді. Мектебімізде 2019 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілді. Акцияны өткізу барысында іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты - Материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, үйде оқитын, жетім және жартылай жетім, қамқорлыққа алынған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Акция аясында 35 балаға көмек берілді. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек 20 оқушыларға берілді. Қордай ауылындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагеріне 23 тегін жолдама 1 кәсіподақ тарапынан берілді. «Балауса» лагеріне көп балалы, азқамтылған, үздік оқушылар тізімі жасалды.

 Ұсыныс:

1.Келесі 2018-2019 оқу жылында осы ұсыныстар есепке алынып, оқу жылының басынан көп балалы, тұрмысы төмен, жетім балаларға аса назар аударылып, әрқайсысының жағдайына сай қажетті көмек жасау.

2.Кәсіби шеберліктің әдіс-тәсілдерін, өз білімімді жетілдіру арқылы  жоғарлату.