21
сентябрь
2020
"Отбасы-бақыт мекені" атты республикалық апта бойынша іс-шаралар өткізілді.
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14-21 қыркүйек аралығында "Отбасы-бақыт мекені" атты республикалық апта бойынша іс-шаралар жоспары.
1. 14.09.2020 ж. - "Менің отбасым - менің байлығым" тақырыбында фотобайқау.
2. 15.09.2020 ж. - "Отбасымдағы дәстүрлер" тақырыбында сурет байқауы.3. 16.09.2020 ж. - Отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша "Отбасы - кіші Отан" тақырыбында челлендж.
4. 17.09.2020 ж. - "Отбасы - аяулы алақан мекені" Психологиялық ұсыныстар, бейнероликтер.
5. 18.09.2020 ж. - "Отбасы - бақыт мекені" - ата-аналар арасында әдеби-поэтикалық аудандық байқауы.
Осы бекітілген жоспар бойынша сынып жетекшілердің жетекшілігімен оқушыларға және ата-аналарға тікелей тапсырма берілді. Нәтижесінде оқушылар тарапынан отбасылық фотосуреттер мен суреттер және де бейнероликтер келді. Келген материалдарды іріктеу барысында, ең үздік деген бейнероликтер мектебіміздің жеке парақшасына және ауданымыздың жеке парақшасына салынды.
