26
октябрь
2022
"Кітапханаға кітап сыйла" және "Буккроссинг - кітапалмасу" акциялары
Мақсаты: Мектеп кітапханасының әдебиет қорын толықтыру, оқырман мен кітапхана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, кітаптардың өз оқырмандарын табуға көмектесу, өзгелермен алмасу, оқырманның қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру.
Қордай ауданы "Отечество" славян этно-мәдени орталығының төрағасы Харченко Любовь Анатольевна "Тағдыр тауқыметі" мен "Городок в табакерке" атты кітабын мектеп кітапханасының қорына сыйға тарту етті.
Кітаптар барша оқырман қауымға арналған.