10
февраль
2020
Қордай батыр кубогі
"Қордай батыр" кубогі
Ағымдағы жылдың 09.02.2020 ж. Күні №51 орта мектеп базасында аралас жекпе жектен "Қордай Батыр" кубогі халықаралық турнирі өтті. Аталған турнирге Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тараз қаласы, Алматы қаласы, Талғар қалаларынан қатысушылар келді. №51 орта мектептен Орманбек Алишер, Орманбек Қазыбек, Сембай Абай, Серік Алинұр, қатысып жүлделі 1 орынға және Фараджиев Салим жүлделі екінші орынға иеленді. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Спорт саласында өзін көрсете алған оқушыларымызға жарайсың дегіміз келеді.