1-Қазан қарттар күні
1-Қазан қарттар күні
1 қазан Қарттар күніне орай №51 орта мектептің 8 – 9 сынып оқушылары, тәлімгер Макетай Мөлдір мен бірге қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің директоры Айгул оқушыларды жылы лебізбен қарсы алды. Оқушыларымыз Қарт кісілерге арнап жаттаған өлең шумақтарын айтып берді. 9 «Б» сынып оқушылар Болатхан Бөпежан Абай Құнанбаев өлеңдерін екі тілде жатқа айтып берді. 8 «А» сынып оқушысы Қошаналы Ализа өзінің арманындағы тілектерін айтып, қарт кісілердің көңілі босап қалды. 10 «А» сынып оқушысы Әбләшім Алмат «Әкем, анам» атты әсерлі әнін орындап берді. Қарт кісілерге арналған жақсы, әсерлі тілектерін білдіріп, оқушылардың бойында адами тәрбие қалыптасты. Қарттар үйіне арнайы сыйлықтар алып, жақсы дастарханды сыйға тартты. Қарт кісі рахметін айтып, батасын беріп,ризашылығын білдірді.

11 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Кашкинбаев А.М. мен бірге Охмат.Г.А атаның үйіне барып ол кісініде қарттар күнімен құттықтап сыйлықтарын беріп, қарт кісінің бақшасындағы көкеністерін жинап және бақшасындағы құрайларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Қарт кісі рахметін айтыптілегін білдірді.
