04
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы N22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары негізінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізді. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен шараға 365 оқушы мен 32 мұғалім мен кіші қызметкерлер қатысты.