18
январь
2023
"Бүгінгі заманның құндылығы неде?" тақырыбында дебат (пікірсайыс)

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару және Жасұлан ұйымының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында “Бүгінгі заманның құндылығы неде?” тақырыбында дебат (пікірсайыс) өткізілді.
Мақсаты:
- Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойлап-толғануға көмектесу;
- Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Өз көзқарасын машықтандыру;
- Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
- «Бүгінгі заманның кұндылығы» тақырыбында ой қозғату.