"Мектеп директорының баяндамасы" » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп директорының баяндамасы"
28
май
2021

"Мектеп директорының баяндамасы"

   «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды әрбір қазақстандық сезінуі тиіс. Осы орайда мектеп ұстаздары  келешек ұрпаққа  білім беру,  бұл ел болашағы үшін аса жауапты іс екені бәріне мәлім. Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты жыл басын қашықтықтан оқытудан бастап, бастауыш сынып оқушыларына арнайы кезекші сыныптар ашылды. 

     Бекітілген талаптарды орындай отырып, екінші жартыжылдықта дәстүрлі оқытуға көшіп, оқу жылын осы форматта аяқтадық. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында, оқушылар мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан You Tube, Zoom, Kundelik.kz интернет желілерін қолданып, оқушылармен WhatsApp, Zoom желісі арқылы тығыз байланыс орнатылды.
     Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатты, тиімді жақтарын көре білдім десем де болады. Сондай-ақ дәстүрлі оқыту форматында да жеткен жетістіктеріміз мол. Атап айтатын болсақ, осы оқу жылында мектебімізде «Ресурстық орталық» оқу кабинеттері ашылды. ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасынан "Үздік ұжым" кубогына, V Республикалық "Үздік жас маман" олимпиадасынан "Үздік ұжым" номинациясына ие болдық. Сонымен қатар, Аудандық "Орта білім беретін үздік ұйым" байқауынан ІІ орын иелендік. Тек қана осы жетістіктермен шектеліп қана қоймай, оқушыларымыздың аудан, облыс, республика көлеміндегі жеткен жетістіктері өте көп болды. 
     Мұғалім де, оқушы да ақпараттық технология мен коммуникация құралдарын білім алу негізінде жұмыс жасап, тереңірек игерді. Барлық оқушылармен кері байланыс орнатып отырды. Сонымен қатар ата - аналардың, оқушылардың ұстазға деген мейірімділіктерінің кеңейгенін байқадым.
     Дегенмен, мектепте оқушылармен бетпе – бет отырып, дәстүрлі сабақ өткен анағұрлым тиімдірек екені белгілі. Сол себептен де, біз оқу жылын қашықтан бастағынымызбен, оқу жылының соңында дәстүрлі форматта оқығанымыз өте тиімді болды.
    Қиын 
кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқарды. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.
   
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы оқу жылын абыроймен еңсере алдық. Биылғы оқу жылымыз сәтті аяқталатын тәрізді, 11 сынып оқушыларының арасында - 2 алтын белгі (Сансызбай Бекзат, Бахыт Дана) және 1 үздік (Тұрғынбай Анель) аттестат келе жатыр. Ал, 9 сыныптар арасында үздік куәлік алған 6 оқушы (Мұқан Шолпан, Жұмабай Дильназ, Сағади Насихат, Мәткерім Нұрайым, Садыкова Диана, Болат Мейірім). 

   Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Келесі оқу жылында амандықпен қауышайық!

 
 

 орта мектеп директоры

Нусипбаева Кулсинхан Уркинбаевна