30
сентябрь
2020
№51 орта мектеп ұстаздарының жетістіктері
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Жаңа оқу жылы басталысымен №51 орта мектебінің ұстаздары жаңа идеяларды, жаңа жеңіс, жаңа жетістіктер әкелуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары Қалдарбекова Ақмарал Қасымқызы І дәрежелі Дипломмен, Жетпісбай Айгүл Алтынханқызы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.