03
сентябрь
2020
2020/2021 оқу жылына белгіленген міндеттер
2020/2021 оқу жылына белгіленген міндеттер
Мектептің педагогикалық ұжымының шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, мәселелерді педагогикалық талдаудың негізінде мектептің педагогикалық ұжымы жаңа оқу жылындағы міндеттерді белгіледі:
- инновациялық технологияларды әзірлеу мен меңгеруді қамтамасыз ету, Мектептің даму жоспарын іске асыру үшін тиісті жағдай жасауды жалғастыру (ұйымдастырушылық, кадрлық, материалдық-техникалық, ынталандырушы, нормативтік құқықтық);
- әр оқушының сәтті оқуына жайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жетілдіру;
- барлық пән бойынша оқу деңгейін және 100 пайыздық оқу үлгерімін сақтау;
- білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- сапалы мектептік білім мазмұнымен жұмысты жалғастыру;
- мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру;
- сабақта жаңа білімді меңгеру бойынша жұмыс кезінде оқушыларға құзыретті және жүйелі-қызметтік тұрғыдан келуді жүзеге асыру;
- білім беру технологияларын белсенді енгізу және сабақ және сабақтан тыс уақытта түрлі жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы ынталы балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.