26
ноябрь
2025
«Денсаулығыңды күтуге дағдылан».
2025 жылдың «26» қараша күні мектебімізде «Денсаулығыңды күтуге дағдылан» тақырыбында дәріс өткізілді. Шараға мектеп оқушылары мен мектеп медбикесі қатысты.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болу дағдыларын қалыптастыру.
Медбике оқушыларға:
- Салауатты өмір салтының маңызын,
- Күн тәртібін сақтау ережелерін,
- Тұмау мен басқа аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, пайдалы кеңестер берді.
Медбике тарапынан берілген ақпараттарға сәйкес, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя отырып, оларға жауап берді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Шара тартымды өтті және оқушыларға денсаулықты күту мәдениетін қалыптастыруда үлкен әсерін тигізді.