» Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік іс-шара.

Автор: admin от 11-11-2019, 10:20, посмотрело: 5

0

Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы есім»

атты мерекелік іс-шара.

Ұстаздар күніне орай №51 орта мектепте қазан айының 4 - күні таңертеңмен 9- сынып оқушылары, қызыл кілем төсеп арнайы ән қойып, гүл шоқтарын табыстап мектеп ұст алдындааздарды күтіп алды.

 

 

 

Сағат 15:00 де «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешті екі жүргізуші 10 сынып Әбіләшім Алмат пен оқушысы. және 9 сынып оқушысы Пустакова Злата жүргізді. Мерекелік кеш арнайы құрылған сценарий бойынша талапқа сай өтілді. Оқушылар ұстаздарға өлең жолдарын айтып, әсем әуенге бөленді. 3-6 сыныптар оқушылары Мырзағалие Таңшлопан, Джабаева Мариям, Жолдас Альфия ұстаздарға арналған өздерінің үш тілде тақпақтарын айтты, 1 «В» орыс сыныптары «Кто добрее на свете» атты хорын айтып жақсы көңіл күй сыйлады.. Келесі сөз мектеп директоры К.У.Нусипбаева мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде жетістікке жеткен мұғалімдерді мадақтама қағаздарымен марапаттады. Сонымен қатар қонаққа шақырылған зейнетте отырған ұстаздар да өздерінің лебіздерін білдірді. 6 «В» сынып оқушысы Алтиева Алина және 4 «Г» сынып оқушысы Аитиева Альфия «Кукарелла» биін биледі. 4 «А» сынып оқушысы Дауытбек Айша «Ұстаз-ана» әнін орындады..5 «В» сынып оқушысы Калмуханбет Темирхан «Учителья» әнін және 7 «Д» сынып оқушысы Кухаренко Данил –«Мы любим вас» әнін орындап берді. 6 «В» және 2 «В» сынп оқушыларының жүрек жарды тілектерімен қоса көңілді ән айтып аяқтады.


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

1-Қазан қарттар күні

Автор: admin от 11-11-2019, 10:14, посмотрело: 2

0

1-Қазан қарттар күні

1 қазан Қарттар күніне орай №51 орта мектептің 8 – 9 сынып оқушылары, тәлімгер Макетай Мөлдір мен бірге қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің директоры Айгул оқушыларды жылы лебізбен қарсы алды. Оқушыларымыз Қарт кісілерге арнап жаттаған өлең шумақтарын айтып берді. 9 «Б» сынып оқушылар Болатхан Бөпежан Абай Құнанбаев өлеңдерін екі тілде жатқа айтып берді. 8 «А» сынып оқушысы Қошаналы Ализа өзінің арманындағы тілектерін айтып, қарт кісілердің көңілі босап қалды. 10 «А» сынып оқушысы Әбләшім Алмат «Әкем, анам» атты әсерлі әнін орындап берді. Қарт кісілерге арналған жақсы, әсерлі тілектерін білдіріп, оқушылардың бойында адами тәрбие қалыптасты. Қарттар үйіне арнайы сыйлықтар алып, жақсы дастарханды сыйға тартты. Қарт кісі рахметін айтып, батасын беріп,ризашылығын білдірді.

1-Қазан қарттар күні

 

 

11 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Кашкинбаев А.М. мен бірге Охмат.Г.А атаның үйіне  барып ол кісініде қарттар күнімен құттықтап сыйлықтарын беріп, қарт кісінің бақшасындағы көкеністерін жинап және бақшасындағы құрайларын  тазалау жұмыстарын жүргізді. Қарт кісі рахметін айтыптілегін білдірді

 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Автор: admin от 8-11-2019, 04:16, посмотрело: 4

0

Мектеп Акт Залында «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

атты іс – шара өтілді.



23 – кыркүйек күні мерекелік іс – шараға 1-8  сынып оқушылары қатысты. Тіл мерекесімен құттықтап оқушылар өз лебіздерін білдірді. Үш тілдік саясатты ұстана отырып, Абай өлеңдерін оқыды. Тіл мерекесінің негізі ретінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын  ұштастырды. Хормен Абай өлеңдерін айта отырып қорытындылады.

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

 

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

 

 

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы»

Автор: admin от 8-11-2019, 04:11, посмотрело: 4

0

«22қыркүйек – Тілдер күні» мерекесіне орай
«Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы»

20-қыркүйек күні №51 орта мектепте ҚР халықтарының Тілдер мерекесіне орай «Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы » тақырыбында салтанатты жиын өтілді. Мектеп алдында ұйымдастырылған салтанатты жиынға 8- 11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиын үш тілде жүргізілді. Ұды, дана Абай Құнанбаевтың өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды. 10 – сынып оқушысы Әб Біләшім Алмат «Қазақтың ұлымын» әнін орындады.
 

«Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы»

«Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы»

 


 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«22қыркүйек – Тілдер күні»

Автор: admin от 8-11-2019, 02:41, посмотрело: 5

0

Категория: ---

 

«22қыркүйек – Тілдер күні»

Автор: admin от 8-11-2019, 02:41, посмотрело: 5

0

Категория: ---

 

«Әкем, анам және мен»

Автор: admin от 8-11-2019, 02:40, посмотрело: 5

0

 

 

Мектепішілік «Әкем, анам және мен»

тақырыбында отбасылықспорттық жарыс өткізілді


№51орта мектеп спорт залында «Әкем, анам және мен» отбасылық спорт жарысыұйымдастырылды. Жарысқа 6 – 7 сынып оқушылары отбасылық командаларымен қатысты. Жарысты дене шынықтырупән мұғаліміҚалиев Б жүргізді.. Спорт жарысы 6 кезеңнен болды. Барлық командаларға класс жетекшісі дайындаған кішігірім сыйлықтары берілді.

«Әкем, анам және мен»

 

«Әкем, анам және мен»

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Автор: admin от 8-11-2019, 02:27, посмотрело: 5

0

«Отбасы – бақыт мекені» атты
республикалық апталығында өткізілген іс-шара.

2019 жылдың 6 -13 қыркүйек аралығында №51орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» аттыреспубликалық апталығы өткізілді. Апталық шеңберіндеБастауыш 1-4 сыныптарда«Менің Отбасым » тақырыбында фото каллаждармен бұрыш безендірілді. Бұрыш оқушылардың отбасымен бірге түскен суреттерімен каллаждар жасалып, «Менің отбасым» сурет бүктемелерімен, нақыл сөздермен безендірілді.

 

«Отбасы – бақыт мекені » тақырыбында конференция өткізілді.

 

Конференцияға ауданнан арнайы қонақтар шақырылды. Конференция барысында да ата-аналарға оқушылардың мектепке бейімделуі үлкен талқыға салынып, диспут түрінде оқушылардың тәрбиесі туралы талқыланды. Ата-аналарға слайдтар көрсетілді.


 «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

 

 «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Автор: admin от 8-11-2019, 01:56, посмотрело: 13

0

1 қыркүйек білім күніене арналған
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»атты салтанатты жиын

 

 

 

Патриоттық тәрбиені іске асыру мақсатында2019 -2020 оқу жылында №51 орта мектепте 1 қыркүйек білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»атты салтанатты жиын өтті. Жиынға 1-11 сыныптар түгелімен қатысты. Салтанатты жиында 1 - сыныпқа қадам басқан кішкентай бүлдіршіндер, сынып жетекшілері мен ортаға шақырылды. Сонымен қатар оқушылар дайындаған өлең шумақтарын айтып өтті. Кішкентай бүлдіршіндер шыққан соң мектеп директоры К.У. Нусипбаева оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап жақсы лебізін білдірді. Сонымен бірге салтанатты жиынға Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Абдукалыкова Кенескүл Оразалықызы оқушыларға өз лебізін білдірді. 11 сынып оқушысы Серік Ақнур, Ғабит Инаят және 10 сынып оқушысы Әбіләшім Алматтың «Қазағым» атты әнін орындап қошеметке ие болды.
11 сынып оқушылары кішкентай бүлдіршіндерге өздерінің дайындаған сыйлықтарын тапсырды. Оқушылардың әнінен кейін сүйікті қоңырау үнімен алғашқы қоңырауды 1 «Ә» сынып оқушысы Алдабек Ибрахим қоңырауды 1 «В» сыныпқа қабылданған оқушы Кашкинбаева Айда және 11 «А» сынып оқушысы Санжарұлы Ернарға табыстап, алғашқы қоңырауды соқты. Соғылған қоңыраудан кейін Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, сонымен қатар 1-сыныптарды сынып жетекшілері мен бірге сыныптарына кіріп кабинетімен және сынып жетекшілері мен ата – аналары танысты. 2 – қыркүйеке күні « Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Критериалды бағалау бойынша семинар

Автор: admin от 7-11-2019, 01:04, посмотрело: 11

0

Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау – нәтижелі білім берудің табысты құралы

Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емтихан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты құндылықтар жатады» - деген Александрдің тұжырымы (2001) ой салды. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі кез-келген мұғалім үшін де, кез-келген оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Қазіргі таңда білім берудегі жаңа жүйе мен жаңаша әдіс–тәсілмен сабақ өту барысында бағалаудың сындарлы оқыту теориясының жеті модулінің ішінде алатын орны ерекше. Мұғалім ретінде маған танысқан жеті модульдің ішінде осы модуль айрықша әсер қалдырды және критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. Аталмыш модуль мұғалімдерге: бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге, бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын арттыруға көмектеседі. Дәстүрлі сабақ барысында баланың білімі салыстырмалы түрде бағаланады және кері байланыс болмайды. Сондықтан мен әріптестеріме критериалды бағалау арқылы шынайылық пен нақтылыққа қол жеткізуге болатынын көрсетіп, таныстырғым келді.

мақсаты: Өзара әрекеттестік белсенділігін арттыру барысында тұлғалық нәтижеге жеткізу арқылы шынайы бағалауды үйрету.

Күтілетін нәтиже: Формативті және суммативті бағалаумен танысады және бағалаудың жаңа жүйелерін үйрету арқылы дәстүрлі бағалаудан оқыту үшін бағалаудың артықшылығына көз жеткізеді.

Түйінді идеясы: Өз тәжірибелеріне енгізе отырып, бағалауда оқушыны емес, оның жұмысын бағалау және сабақ жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.

1. Стикерлерді таңдау арқылы қатысушылар топқа бөлініп отырды.

2. Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін мұғалімдерге «арқа қағу» тренингін өткіздім. Әр мұғалім өзінің қолының сұлбасын салып, оны бір-бірінң арқаларына ілгіздім. Арқаларына ілінген қолдың әр саусағына сол мұғалімнің жақсы қасиеттерін жазуды тапсырдым. Алынған сұлбаны көрсетпей жинап алып, өздеріне оқып беріп, ал енді кім туралы екенін табыңыздар деп-иесін табуға тырысты. Өздері туралы жағымды сөздерге қуанып қалды.

 

 

 

 

3. Алдын-ала үлестірілген қағаздарға «Бағалау дегеніміз не?», «Баға дегенді қалай түсінесіз?» деген сұрақтарға өз білетіндерін жазып шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдер оқушыларды өзіміз түсіндірген тақырыбымыздың мазмұнын қандай деңгейде жеткізгеніне байланысты бағалайтынын, математик мұғалімдер ереже ғана айтса «3», ережені қолданып есеп шығаруда қателер жіберсе «4», ережені қолданып есепті дұрыс шығарса «5» қоятындарын жеткізді. Бір-бірінің түсіндірген тапсырмаларын стикерлер арқылы бағалады.

Бір оқушы ережені формуласын жазып түсіндірсе, екіншісі тек ережені жатқа айтса, екеуіне де «3» деген бағаны қоясыз ба?-деген сұраққа мұғалімдер тосылып қалды.

4.Келесі қадам «Оқыту үшін бағалау – нәтижелі білім берудің табысты құралы» презетанциялық таныстырылымды тыңдады.

5. «Күлегештер» тәсілімен қолдарындағы стиктерді көтеру арқылы кері байланыс жасаған кезде төмендегідей нәтиже көрсетті.

Бәрін түсіндім

Әлі де сұрақтарым бар

Ешнәрсе түсіне алмадым

Жұмысты жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін,

бірақ бәрін емес

 

Түсінбеймін,

қайталап қарау қажет

6. Мұғалімдердің «Жұмысты жалғастыруға дайынмын» деген күлегештерді көтеруі, презентация арқылы берген мағлұматтарды мұқият тыңдағаны көрініп тұрды.

 

 

 

Оқушылардың физиологиялық ерекшелігін біліп, сергіту кезеңін і ұсынып, дене қимылдары ретінде «Тығырықтан шығу» ойыны жүргізілді.

Топтық тапсырма ретінде түрлі түсті қағаздан ою-өрнек жасауды тапсырдым.

әр топ өз қолдарымен бір – біріне қағаздан сыйлық ретінде ою-өрнектеп кілемше жасады және топтар арасында бір-бірінің берген кілемшелерін бағалады.

 

 

Топтық жұмыстарды орындау барысынан көріністер

Осы тұста мен қатысушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлері (талап қою) мен дескрипторларды (талаптың орындалуы) құрастырдық. «Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) әрбір критерий бойынша қатысушылар жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны, лейбл – тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы (1-5баға) үздік, озық ; жеткілікті толықтырылмаған; толықтыруды қажет етеді», - деген сипаттамалары бар.

Критерийлері

Дескрипторлары

Ұпай

1. Көркемдігі

- Талғамы жоғары

2

 

- Талғамға сай

1

 

- Төмен

0

2. Орнықтылығы

- Орнықты

2

 

- Орнықты етуге тырысқан

1

 

- Орнықты емес

0

3. Көлемі

- Талапқа сай

2

 

- Талапқа сай жасауға тырысқан

1

 

- Талапқа сай емес

0

6 ұпай – «өте жақсы», 4-5 ұпай – «жақсы», 3 ұпай – «қанағаттанарлық» деп бағаланады деп шештік. Енді өз қолдарымен жасаған ою-өрнекті кілемшелерін, әр топ бір – бірінің жұмыстарын бірлесе құраған критерийлер мен дескрипторларды пайдаланып бағалады. Сол арқылы нақты іс-тәжірибеде қолдануды үйренді.

7. «Коучинг әдісін пайдалану тиімділігін бағалау парағын» толтыру арқылы кері байланыс жасадық. Мысалы :

Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

Иә Жоқ Түсініктемелер

Сіз бұл мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? Иә Жоқ Түсініктемелер

Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

Иә Жоқ Олар қандай болды?

Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

Иә Жоқ Неге?

Коучинг сабағы кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе?

Иә Жоқ Не үйрендіңіз?

Жаңа тәсілдерді қолданғанда Сіздің сеніміңіз артты ма?

Иә Жоқ Қалай?

Коучинг сабағы Сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізу жігерлендірді ме?

Иә Жоқ Қандай өзгерістер?

Сіз үшін коучингтің құнды жайттары қандай болды?

Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

Коучинг соңында қатысқан мұғалімдердің қабылдауын білгім келіп, смайликтер көтеруін сұрадым. Формативті (қалыптастырушы) бағалаулардан топтық жұмыстарға өз қолымен жасалған кілемшелерге

қойылған алғашқы және кейінгі бағалауларды біріктіріп суммативті (жиынтық) бағалау шығару тапсырылды. І смайлик – «5», ІІ смайлик – «4», ІІІ смайлик – «3» деген баға деп келістік.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқуды бағалау (формативті- қалыптастырушы) және оқыту үшін бағалау (суммативті-жиынтық) бағалау туралы түсініктерін нақты іс жүзінде көз жеткізіп айырмашылығын түсініп, білді.

Жоғарыдағы жұмыстардың соңында әріптестер:

-Оқушылармен әр сабақ соңында тиімді кері байланыс орнату:

-Оқушылардың оқуға деген ынтасына, қызығушылығына өздерін бағалауға қатыстыру арқылы ықпал ету;

-Әр сабақтан соң оқушылармен өзін және бір-бірін, бірлесе бағалауға тікелей қатыстырғаннан кейін, кемшілікті жою жолдарын да бірлесе шешу арқылы оқушылардың өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретіндеріне көзі жетті.

Сәтті шыққаны: Мүмкіндігінше сабақ барысындағы оқушылар әр тапсырма мақсатын түсініп, (не үшін үйренуі, меңгеруі керек) өмірлік тәжірибесімен байланыстыруы арқылы қол жеткізуге болатынын коучинг барысында өздерін оқушылар орнына қоя отырып түсінгендей болды. Осы тапсырмалар оның ішінде өз қолдарымен жасаған жұмыстарын критерийлер мен дескрипторларды пайдаланып бағалау барысында баяғыша салыстырмалы түрде бағалау емес, шынайы, нақты бағалауды үйренгендері және тиімді екенін және оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалауды ажыратып, түсінгендері менің алдыма қойған мақсатыма жеткенім деп білемін

Категория: Әдістемелік кеңес

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine