Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ал » СШ №51
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№51 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ал
04
апрель
2019

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ал

Жамбыл облысы  Қордай ауданы  №51 орта мектебінің 

«Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу» 14 – 27 наурыз  аралығындағы  онкүндік жоспарының  орындалуы бойынша

                                                            Ақпарат

Іс-шаралардың мақсаты:   Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу  және ата-ана  мен мектептің тығыз байланысын арттыру.

       1.«Ата-аналар мектебі» отырысында «Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналар комитет мүшелерімен  шебер-сағат ұйымдастырылып өткізілді. Шебер-сағат семинар түрінде жүргізілді. Семинар барысында  ата-ана мен баланың үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыруды түрлі жағдаяттармен  қарастырылып, талданды.  «Бақытты отбасын қалай қалыптастыру керек?»  бейне таспасы көрсетілді. Ата-аналарға арналған жадынама таратылды. Психологиялық кеңестер айтылды. Психологтар ата-аналармен тренинг-жаттығуларын жүргізді. Шебер-сағат соңында мектеп басшысы Нусипбаева Күлсінхан Уркимбавна  ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауаптарын берді.  

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын ал

2. «Отбасындағы кикілжіңдер және оны жеңу жолдары» тақырыбында жас жеткіншек жасындағы  5-6-7  сынып оқушыларының ата-аналарымен дәріс өткізілді. Мектеп психологтары дәрісті психологиялық бейімдеу мен тыныштандыру сәтімен бастады. «Отбасындағы кикілжіңдер қандай жағдайларда болады?» тақырыбында бейне таспа көрсетіліп, талдау жасалынды. Тәрбие завучы  А.Т.Құсайынова «Отбасындағы дау-жанжалдарды қалай шешуге болады?» қысқаша баяндамасымен түсіндірме жасап, слайдпен одан шығу жолдарын көрсетті. Ал құқықтық-тәрбие завучы М.Т.Абдрасилова отбасындағы түрлі дау-жанжалдардың шешімін таппаған жағдайларда «құқықтық заңдар» туралы баяндап берді. Сондай-ақ мектептегі конфликті жағдайлардың қандай жолдармен шешіліп жатқандығы туралы айтып өтті.

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын ал

3.Аудандық денсаулық сақтау орталығымен, мектеп психологтары  және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Құсаинова мен Д.Молдажановтың ұйымдастыруларымен «Жасөспірімідік шақтың қиындықтары» тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен дәріс өткізілді. Мектеп психологтары бейімдеу, сергітуден бастады. Арнайы шақырылған  аудандық денсаулық орталығының маманы  «Жасөспірімдік шақтың психикалық саулығы» жайында кеңінен дәрісті жалғастырды. Ал тәрбие завучтары  «Здоровая семья – здоровая нация» баяндама оқыды. Соңында  «Семья» бейне таспасы  көрсетілді.

4. Мектептегі проблемалы  7 «а» мен 8 «г» сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасылық тәрбиенің түрлері. Жағымды, жағымсыз тұстары» тақырыбында сынып жетекшілерімен бірлескен оқыту тренингі өткізілді. Тренингті  ұйымдастыру, психологиялық бейімдеу сәтімен бастады. Тренинг «Менің құндылықтарым» жаттығуымен жалғасты. Сондай-ақ түрлі жаттығулар мен жағдаяттарға талдаулар жасалынды. Сынып жетекшілері тақырыпқа қатысты баяндамаларын оқып тақырыпты толығымен ашып берді,  ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауаптарын берді.

5. «Өзіне-өзі қол жұмсау:  аңыз және шындық»  тақырыбындағы отырысты психологтар мен   мен сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  ата-аналар комитетінің   ақсақалдарымен  кездесу ұйымдастырылды.  Онда әлем бойынша қауіпті дерт  болып тұрған  өзекті мәселе  суицид  тақырыбында кеңінен әңгіме жүргізілді. Психологтар суицид  және оның түрлері жайында слайдпен  көрсетіп, толық  түсіндірме жасап өтті. Және де мектептегі былтырғы оқу жылында болған суицид туралы айтты. Мектеп директоры К.У.Нусипбаева  мектептегі  жүргізіліп жатқан алдын алу,  түзету-дамыту жұмыстары жайында  айтты. Ата-аналарға  өз балаларының   өмірін сақтауға  психологтар тарапынан  кеңестер берілді

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын ал

6. «Тәукел тобындағы»  оқушыларды сырттай бақылаудың  тиімділігі  бойынша психологтар,сынып жетекшілер мен  пән мұғалімдерінің  бірлескен семинары өткізілді.  Мұғалімдерге мектеп психологтары оқушылармен  жекелей, ерекше , дұрыс  қарым-қатынас жасай білуге  ұсыныстар берілді.  Әр балаға психологиялық  ерекшеліктеріне  мән  беру  керектігін  айтты.  Қалыпсыз психоэмоционалды жағдайдағы балаларға қалай көмек беру жолдарын  айтып  өтті. Сонымен қатар  «Мұғалім мен оқушы арасындағы  дау-дамайдың себептері мен шешу жолдары» тақырыбында   мұғалімдермен  семинар өткізілді.   Оқыту мен тәрбие  берудегі  мұғалім мен оқушы арасындағы  конфликті жағдайдан шығу жолдарымен психологтар тарапынан кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын ал

7.  «Өз эмоцияңды басқара білесің бе?»  тақырыбында   9-10  сынып оқушылары арасында тренинг  жүргізілді.  Тренингке оқушылар  өз өнерлерімен  белсенді түрде қатысты.  Онда оқушылар тапсырмалар бойынша жайлы  да жағымды  «Мен өз эмоциямның  қожайынымын» тақырыбында  сценалық  көріністер көрсетті.  Тренинг  соңында оқушылардың  эмоционалды жағдайын реттеу мен қысымдарын төмендету  үшін  әуенді медитациялық  тыныштандыру жүргізілді.

Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын ал

8. Мектептің  фае-дәлізінде «Менің бақытты отбасым!» тақырыбында  мектеп тәрбие завучтары мен  қамқоршылық  кеңес мүшелерінің  қатысуымен   сурет  көрмесі   ұйымдастырылып қойылды.

9. «Өз агрессияңды  жеңе  білесің бе»   «Мен өмірді сүйемін»  тақырыбында ата-аналар кимитетіне  бейне таспалар көрсету ұйымдастырылды. Бейне таспалар көрсетілгеннен кейін  талдау жүргізілді.  Ата-аналарға өз баласына қалай көмек көрсете білу керек екені жайында психологтар тарапынан  ұсыныстар берілді.