28
апрель
2022
"Біз Үлкен Елміз-Үлкен Отбасымыз!" атты мерекелік іс-шара
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Мектебіміздің шаңырақ оқушылар қауымдастығының атсалысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада оқушылар 5 ұлт өкілдерінің бөлініп, сол ұлттың бір салт-дәстүрін, музыкалық номер және ұлттық тағамдарын көрсету арқылы, басқа сынып оқушыларына таныстырды.