Тынысбай Бақытгүл Әріпбекқызы - Ұлағатты ұстаз жетістіктері!


Жамбыл облысы Қордай ауданы №51 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Тынысбай Бақытгүл Әріпбекқызы жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүрген ұстаз. Тарих магистрі. Осы шығармашылығының арқасында оқушылары түрлі ғылыми жобалар байқауларынан жоғары жетістіктерге жетіп жүргені белгілі. Атап айтсақ: - Сансызбай Бекзат «Менің кіші Отаным» атты конкурсының «Менің туған жерімнің символы» номинациясы бойынша: ауданнан – Бас жүлде иегері; облыстан – Бас жүлде иегері; Республикалық конкурстан – «Дарын» Республикалық ғылыми-орталығының грамота иегері; - Сансызбай Бекзат «Заманауи әлемдегі ғылым мен инновацияны дамытудағы жастардың рөлі» атты ІІ Халықаралық ғылыми жұмыстар және ғылыми жобалар байқауынан – ІІ орын иегері; - Алиева Ұлжан «Дарын» Республикалық ғылыми-орталығы ІІ дәрежелі диплом; - Алиева Ұлжан «Менің кіші Отаным» атты конкурсының «Менің туған жерім» номинациясы бойынша: ауданнан – І орын иегері; облыстан – ІІ орын иегері.