Жамбыл облысы Қордай ауданы №51 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккулова Айтолқын Жанетовна ұлағатты, майталман ұстаздарының бірі, жоғары санатты педагог-зерттеуші. Осы мектепте дарынды оқушылардың дарынын ашып, оқытып, тәрбиелеп келеді. Еренді еңбегі ақталып, көптеген жоғары дәрежелі марапаттарға ие болды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Соңғы бес жылда білім алушылары аудандық, облыстық, республикалық деңгейде көптеген жүлделі орындарға ие болды. Биылғы 2020-2021 оқу жылының басталуымен де шәкірттері жетістіктер әкелуде. Дарынды шәкірті Алиева Ұлжан мұғалімдер мерекесіне орай өткізілген аудандық эссе және шығарма байқауының жеңімпазы атанып, Бас жүлде иеленді, дәстүрлі Республикалық "V Шерхан Мұртаза оқулары" байқауының аудандық кезеңінің "Зау тұлға" бағытының жеңімпазы атанды, облыстық кезеңінен 2 орынға ие болды. Қараша айында өткізілген "Алтын ұя - мектебім" Республикалық интернет-байқауының жүлдегері, Ғылыми жоба оқушы мен ұстаз арасындағы тығыз, жүйелі жұмыс. Ауданнан бас жүлдеге ие болып, облыстық ғылыми жоба байқауына жолдама алды.