22
октябрь
2025
Ата-аналар жиналысы.
2025 жылдың 22 қазан күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде 2025-2026 оқу жылының І тоқсанының аяқталуы, күзгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша психологиялық жұмыстар, оқушылардың сабақ үстінде ұялы телефондарын орынсыз қолданудың алдын алу мақсатында арнайы жәшіктер орнату қажет екені, 111 QR коды және т.б маңызды мәселелер қарастырылды.