18
сентябрь
2025
Мамандар оқушылармен кездесу өткізіді.
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде мектебімізде аудандық аурухананың және жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесіп 8-11 сынып оқушыларымен нашақорлық пен зиянды заттардың зияны туралы мазмұнды лекция өткізді. Бұл кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың санасында салауатты өмір салтының құндылықтарын нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу.
