01
сентябрь
2025
1 қыркүйек - Білім күні!
2025-2026 оқу жылы “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай “Мектебім - мейірім мекені” атты салтанатты іс-шарасы өтті. Бүгінгі ерекше күнде салтанатты іс-шараға 1 және 11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты іс-шараға Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Аширбеков Санат Сағынбекұлы және Маслихат депутаты, Аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы қатысты. Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы барлықтарыңызға шығармашылық табыс әкелсін! Әрбір мектепте жарқын болашақтың іргетасы қалана берсін!

