05
ноябрь
2024
Ата-аналар жиналысы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында “Балалардың қауіпсіздігі”, “Буллинг және кибербуллинг”, “Қауіпті және күмәнді сайттардан балаларды қорғау”, “Компьютер және интернет тәуелділігі”, “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу” т.б мәселелер қаралды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы Е.Абдимов, мектеп психологтары қатысты. Мектеп психологтары тарапынан ата-аналарға кеңестер айтылып, жадынамалар таратылды.
