25
май
2024
Мектебім, саған мың алғыс!
2024 жылдың 25 мамыр күні сағат 9:30да Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты іс-шара өтті. Биылғы 2023-2024 оқу жылын 44 түлек аяқтады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шараға мектеп әкімшілігі, АББ әдіскері, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің төрайымы М.К.Иманкулова, түлектердің алғашқы ұстаздары А.Ж.Тоғызбаева, А.Д.Каражигитова қатысты. Мектеп директоры М.Ж.Байбеков және қонақтар жас түлектерге ізгі тілектерін білдірді.