2024 жылдың 6 мамыр күні Қордай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттар толық берілді. Ата-аналар өз тараптарынан мектеппен бірлесе ағымдағы оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін жауапкершілік пен күш жұмсайтынын айтты.