08
сентябрь
2020
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдер күні
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдер күні
ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Атаулы датаның өзгеру себебі: "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" - деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бұл мерекені тойлаудың ең басты мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Соған орай мектебімізде тілдер мерекесі күні оқушылардың тарапынан мәндә де мағыналы бейнероликтер дайындалды. Ең басты қуантатын дүние, оқушылар ұлы адамдардың тілге қатысты ой пікірлерін, қанатты сөздер мен үш тілде өлең-шумақтарын айтып, белсенділік танытты. Қазақстан жерінде тұратын өзге ұлт өкілдері де, қазақ тілінде өлең шумақтарын айтып, өзге тілді құрметтеу керек екендігін ұғындыра білді.
Жіберілген бейнероликтер ішінен, ең үздік шыққан бірнеше бейнероликтер таңдалып, мектебіміздің жеке парақшасына және ауданымыздың жеке парақшасына жүктелді.
https://www.instagram.com/tv/CFEI21DlEAl/?igshid=1wey3dlrjm49e
https://www.instagram.com/tv/CE_RDKkFITd/?igshid=1ghn50zfxyzbv