» » «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

 
 
 

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Автор: admin от 8-11-2019, 01:56, посмотрело: 12

0

1 қыркүйек білім күніене арналған
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»атты салтанатты жиын

 

 

 

Патриоттық тәрбиені іске асыру мақсатында2019 -2020 оқу жылында №51 орта мектепте 1 қыркүйек білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»атты салтанатты жиын өтті. Жиынға 1-11 сыныптар түгелімен қатысты. Салтанатты жиында 1 - сыныпқа қадам басқан кішкентай бүлдіршіндер, сынып жетекшілері мен ортаға шақырылды. Сонымен қатар оқушылар дайындаған өлең шумақтарын айтып өтті. Кішкентай бүлдіршіндер шыққан соң мектеп директоры К.У. Нусипбаева оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап жақсы лебізін білдірді. Сонымен бірге салтанатты жиынға Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Абдукалыкова Кенескүл Оразалықызы оқушыларға өз лебізін білдірді. 11 сынып оқушысы Серік Ақнур, Ғабит Инаят және 10 сынып оқушысы Әбіләшім Алматтың «Қазағым» атты әнін орындап қошеметке ие болды.
11 сынып оқушылары кішкентай бүлдіршіндерге өздерінің дайындаған сыйлықтарын тапсырды. Оқушылардың әнінен кейін сүйікті қоңырау үнімен алғашқы қоңырауды 1 «Ә» сынып оқушысы Алдабек Ибрахим қоңырауды 1 «В» сыныпқа қабылданған оқушы Кашкинбаева Айда және 11 «А» сынып оқушысы Санжарұлы Ернарға табыстап, алғашқы қоңырауды соқты. Соғылған қоңыраудан кейін Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, сонымен қатар 1-сыныптарды сынып жетекшілері мен бірге сыныптарына кіріп кабинетімен және сынып жетекшілері мен ата – аналары танысты. 2 – қыркүйеке күні « Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.