Мен OFFLINE » СШ №51
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№51 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мен OFFLINE
22
январь
2020

Мен OFFLINE


Эссе

Мен  OFFLINE

           Мен, Тлеулес Аяжан, № 51 орта мектептің 5 «А» сынып  оқушысымын. Бүгін мен үшін  ең өзгеше күн, өйткені мен бір күнімді интернетсіз өткіземін. Біз сыныптастарымызбен Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (ОФФЛАЙН)» атты Республикалық кең ауқымды акциясына белсене қатыстық. Осы акцияның басты мақсаты- ғаламтор, ұялы телефон, компьютерсіз бір күнді өткізу.      

           Менің ойымша XXI ғасыр замануи технологиялар даму кезеңі болса да, біз технологиялардан да маңызды нәрселер бар екенін білуіміз керек. Мен ғаламторсыз бір күнде өзіме көптеген пайдалы істер жасадым. Оларды атап айтсам, күнделігіме 2020 жылғы мақсаттырымды жаздым, кітап оқыдым, отбасымызбен бірге  саябаққа бардық. Саябақта әртүрлі әткеншектерге мініп, суретке түсіп, түрлі-түсті мақтаның дәмін көрдік. Отбасыммен өткізген әр минутым мен үшін аса қымбат. Саябақтан кейін табиғатқа шығып, табиғаттың әсем көрінісін тамашаладық. Табиғаттың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әкем, анам және бауырларымның көңіл-күйлері өте көтеріңкі болды.

          Мен үшін отбасымның құндылығы маңызды. Кейбір адамдар өз уақытын ғаламторға ғана арнайды. Олардың соншалықты ғаламторға тәуелділігі - өзінің отбасы туралы, олармен қарым-қатынас жасап, сұхбаттасуды, тіпті олардың бар екенін ұмытады. Мен үшін интернетсіз өткен күнім өте қызықты, ең тамаша күндердің бірі болды. Біз отбасымызбен апта сайын интернетсіз бір күнді «OFFLINE күнін»  өткіземіз деп шештік.

Мен  OFFLINE

 

Мен  OFFLINE

 

Мен  OFFLINE