02
май
2023
«математика, информатика және физика пәні бойынша ғылыми жобалар» атты сыныптан тыс іс-шара
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде МИФ әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында 2 мамыр күні «математика, информатика және физика пәні бойынша ғылыми жобалар» атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Оқушылар «физикалық құрылғылар өз қолдарымен» атты шағын жобаларын ұсынды. Мороз Ярослав 7 “В” сынып оқушысы Герон субұрқағын көрсетті. Мойсюк Богдан 7 “Г” сынып оқушысы, субұрқақ пен гидравликалық машинасын, Бражникова Светлана 8 “Д” сынып оқушысы – электроскопты, Қашкімбаева Әлия 9 “В”сынып оқушысы - Ньютон маятнигін көрсетті.
Сондай-ақ 9-сынып оқушылары ғарышкерлер күніне арналған челлендж өткізді.
Дайындаған физика пән мұғалімі Писаренко Е.
11 сынып оқушысы Шейченко Светлана «Біздің сынып сандармен» деген жобасымен ортаға шықты. Бұл жобада ол математика пәнін қозғап, оны сынып өмірімен байланыстырды. Светлана бұл жобаны таңдаған себебі, оған бұл пән өте ұнайды және ол болашақта болашақ өмірін осымен байланыстырғысы келеді. Яғни, математика пәні мұғалімі болғысы келеді.
Дайындаған математика пән мұғалімі Степанова Н.
Информатика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Пурисов Р. «дополненная реальность» «кеңейтілген шындық» атты тақырыпқа жасаған шағын жобасын ортаға тартты.
Дайындаған информатика пән мұғалімі Тажиева Ш.
7 “Ә” сынып оқушысы Қайрат Аңсар «теңіздегі қоқыстарды жинайтын робот», ал 9 “А” сынып оқушысы Мұрат Аянат «еден жуғыш робот» атты шағын жобаларын баяндап, роботтарын іске қосып көрсетті.
Дайындаған информатика пән мұғалімі Алашова Э.
Іс – шара соңында барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.