21
апрель
2023
"Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау" күні
"Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау" күніне орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде 8-ші сынып оқушылары арасында білім алушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету мақсатында жоспарға сәйкес кітапханалық сабақтың кезекті интеллектуалды сайыс ойын сабағы өтті.Қатысушылар 2 топқа бөлінді: І топ «Кітапсүйерлер», ІІ топ «Кітапқұмарлар». Сайыс сабақ болғандықтан кім кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды. Іс - шара барысында жұмбақтар шешіліп, жаңылтпаштар айтылды, кезеңдерден құралған ойындар ойнатылды.
Оқушылар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысып отырды. Ойын қорытындысы бойынша 39 ұпаймен «Кітапсүйерлер» тобы 1 орынды, 38 ұпаймен «Кітапқұмарлар» тобы 2 орынды иеленіп, мектеп басшысының мадақтама қағаздарымен марапатталды. Іс-шараны өткізген кітапхана меңгерушісі Б.М.Нурбаева