13
апрель
2023
“Who knows English well?" атты сыныптан тыс интеллектуалды ойын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі апталығына орай 13 сәуір күні 5 а,ә,б,ғ сыныптар арасында “Who knows English well?" атты сыныптан тыс интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шара мақсаты "Polyglot", "Baiga","Magic box" ойындары арқылы оқушылардың ағылшын тілі пәнінен алған білімдерін жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың ауызша сөйлеу, тыңдау, түсіну, ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Өткізген: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмахан А.Н.