23
декабрь
2022
“Жас сарбаз” бағытында “Әбілтану” және “Бауыржантану” кадет сыныптары
2022 жылы 22 қаңтар күні Қордай ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде “Жас сарбаз” бағытында5 “А” сынып “Әбілтану” (сынып жетекшісі Б.Ә.Тынысбай) және 5 “Б” сынып “Бауыржантану” (сынып жетекшісі А.Ж.Беккулова) кадет сыныптарының ресми түрде ашылуына және оқушылардың Ант қабылдау рәсіміне орай салтанатты іс-шара өткізілді. “Жас сарбаз” бағытындағы сыныптар - бұл қазақстандық педагогикада оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа түрі.
Мақсаты:
1.Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.
2.Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.
Аталған іс-шараға мектеп директоры К.У.Нусипбаева, Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А.М.Райымкулова, А.Ә.Аяпберген, №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің ұстаздары және ата-аналар қатысты.