15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс-шара
2022 жылдың 15 желтоқсан күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс. Іс-шара барысында Желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған біздің әріптестеріміз бен мұғалімдерімізге - Абуева Меруерт Серікбайқызына, Ошанова Бибігүл Жуманқызына, Каражигитова Айна Джелюбаевнаға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында әртүрлі байқау мен жарыстарда үлкен жетістіктерге жеткен оқушылар мадақтама, дипломдармен мараппаталды. Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы.