20
октябрь
2022
"Педагог" кәсіби стандарт жобасы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзгерген шындыққа және озық білім беру тәжірибесін, педагог құзіреттілігінің шеңберін дамыту аясында ҚР Оқу ағарту министрлігі "Педагог" кәсіби стандартын әзірледі. 2022 жылдың қазан айында Қордай ауданының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің ұжымында "Педагог" кәсіби стандартының жобасы талқыланды. Талқылай отырып, "Педагог" стандарт жобасы - заман талабы екенін ескре келе, толық қолдады. Қазақ тілі мен әдебиті пәнінің әдістеме бірлестік жетекшісі А.Ж.Беккулова, тарих пәнінің мұғалімдері Тынысбай Б.Ә., Джунусова Ч.Д., жаратылыстану математика бағытының ұстаздары Қалдарбеков А.Қ., Рыскулова М.Р., Солтанбекова К.Т., басқа да ұстаздар өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.