2022 жылы 17 маусым күні №51 орта мектебінде "Сәт сапар, жас түлек!" атты салтанатты іс-шара өтті. Жалпы орта білім беру туралы аттестат 74 түлекке салтанатты түрде тапсырылды. Соның ішінде "Алтын белгі" иегерлері - Алиева Ұлжан, Болат Аружан. Қымбатты жас түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биіктерге самғап ұша беріңдер! Сәт сапар, ақ жол тілейміз!