Хабарландыру!
БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Байқау уақыты:03.05.2022 – 13.05.2022 жыл аралығында
1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 51 орта мектебі» КММ
Мекен-жайы: Қордай ауылы, Байзакова 23а
3. Пошталық мекен-жайы: 080400
4. Байланыс телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-54-56, ұялы телефон: 87757444948
5.Электрондық пошта:E-mail: shkolaa.51@mail.kz
6. Қажетті маман: Директордың ақпараттық технологиялар жөнінде орынбасары (1 вакант уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты еңбек демалысында)
Бiлуге мiндеттi:
– ҚР Конституциясын.
– Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы","Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi.
– Педагогика мен психология негіздерін.
– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын.
– ҚР Еңбек кодексін.
– Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін.
– Бағдарламалық-әдістемелік құжаттамаларды.
Сондай-ақ, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сондай-ақ мектеп жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.
1.7. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі, ғаламдық желідегі тәртіп этикетін және авторлық құқықтар туралы заңнаманың негізгі ережелерін білуі тиіс.
2. Функциялары
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады:
2.1. Оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру және оны жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, ҚР заңнамасына сәйкес басқару.
2.2. Өз құзыреті шегінде кезекші мұғалімге, әдістемелік бірлестіктер меңгерушілеріне өкілеттік беру.
2.3. Мектептің компьютерлік желісін әкімшіліктендіру
2.4. Ақпараттандырудың ресурстық базасын барлық аспектілері бойынша дамыту.
2.5. Ақпараттық-математикалық цикл пәндері бойынша оқу-тәрбие процесін басқару.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. Әзірлейді және белгілейді:
• өз міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдерді;
• өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
• есеп беру құжаттарын.
• Мектепте ақпараттандырудың перспективалық жоспарын (тұжырымдамасын, бағдарламасын);
• оқу процесінде мультимедианы қолданудың әдістемелік негіздерін;
• ақпараттық ресурстарға қол жеткізу деңгейлерін және ережелерін;
• ұлттық деректер базасының жұмысын;
- электронды журналдар мен сайт жұмыстарын;
3.2. Жоспарлайды және ұйымдастырады:
• медиатекалардың тиімді пайдалануын; мектеп жанынан ақпараттандыру жөнінде тұрақты кеңес құрады;
• ақпараттандыру технологиялар базасында жобалау қызметін;
• мектеп оқушылары мен қызметкерлерін оқытудың дистанциялық формасын (қашықтан оқыту әдісін); оларға көмек көрсетуді, кеңес беруді;
• компьютерліктехникалардыжөндеп, реткекелтіруді;
3.3. Бақылайды:
• өзіжетекшілікететін цикл пәндерібойыншаоқуғаынталыбалаларменжүргізілетінжұмыстарды;
• мектеп бойынша оқушылардың күнделіктер дұрыс толтыруын, сынып журналдарының жүргізілуін.
конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.
а) Еңбек ақысы 90000 бастап 110000 теңгеге дейін, Директордың ақпараттық технологиялар жөнінде орынбасары (уақытша).
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі:Жұмыс күндері: 9:00 – 17:00
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
5. Уақытша бос лауазымның мерзімі:
Директордың ақпараттық технологиялар жөнінде орынбасары, 0,5 жүктеме (1 вакант) - негізгі қызметкердің декреттік демалыста болуына дейін.