"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры"
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалары, "Туған жер" жобасы аясында көктемгі демалыс күндері №51 орта мектебінің 11 "В", 10 "В", 9 "В" сынып оқушылары Тарих пәнінің мұғалімі Ч.Ж.Джунусова, ДҚТЖО М.Т.Абдрасиловамен бірге күллі түркі-мұсылман халықтарының киелі мекені Түркістан қаласында саяхат жасап қайтты. Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның пайда болу тарихын оқушыларға дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.