10
март
2022
"Келіні жақсы үйдің"керегесі алтын" атты келіндер байқауы
Байқаудың мақсаты: Халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ата-бабамыздан мұра болып қалған әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін кеңінен насихаттау, қазақ еліне тән инабаттылық, ізеттілік, тапқырлық, ақылдылық, жауапкершілік, пысықтық қасиеттерді дәріптеу.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Молдабаева Құралай Саяқбайқызы "Бас жүлдені" жеңіп алып, "Супер келін-2022" атағына ие болды. Ал, келесі келіндеріміз "Инабатты келін", "Дарынды келін", "Сымбатты келін", "Тапқыр келін" аталымына ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.