"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мейрамына орай №51 орта мектебімізде үлкен мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында әр "Шаңырақ оқушылар қауымдастығы" қазақ халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетті. Мерекелік бағдарлама әр түрлі сахналық көріністермен, "Жеткіншек" домбыра ансамблінің күйлерімен, қазақтың ұлттық биімен, музыкалық әуендерімен ұласып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.