"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" атты мерекелік іс-шара
Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесін атап өту мақсатында №51 орта мектебінде "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Нусипбаева Кулсинхан Уркимбаевна желтоқсан оқиғасына қатысқан құрметті әріптестеріміз Абуева Меруерт Серікбайқызы мен Каражигитова Айна Джелюбаевнаны құттықтап, сонымен қатар білім саласында көп жыл еңбек етіп келе жатқан және жетістіктерге жеткен әріптестерді марапаттады. Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламасымен ұласты.