Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы » СШ №51
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-56
Оқу бөлімі:
+7(72636) 4-54-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы
06
октябрь
2020

Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы

Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы

           Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы негізгі қызметі ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және басқа да ресурстарды үйлестіру және кіріктіру жолымен білім беру ұйымдарына инклюзияны ендіруді ресурстық қамтамасыз етуге бағытталған білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

           Орталық қызметінің негізгі мақсаты - инклюзивті білімнің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми-эксперименталды және перспективті педагогикалық тәжірибенің табысты нәтижелерін жинақтау, жалпылау және тарату арқылы білім беру ұйымында инклюзивті білім беруді ендіру мен дамыту.

Орталық міндеттері:

- білім беру ұйымында инклюзивті оқытуды жүзеге асыруда ықпал ету;

- білім беру ұйымын желілік өзара әрекеттестікке, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамыту проблемалары бойынша ғылыми-педагогикалық қауымдастықпен, азаматтық қоғамдастықпен серіктестікке тарту;

- қоғамда, оның ішінде білім беру ұйымдарында толеранттылықты қалыптастыру бойынша мақсатты ағартушылық әрекетті жүргізу;

-  инклюзивті тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының табысты тәжірибелерін жинақтау, жалпылау және тарату;

- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қосу модельдерін, бейімделген білім беру бағдарламаларын, білім беру ұйымында инклюзивті тәрбиелеу мен оқыту процесін психологиялық-педагогикалық қолдау әдістері мен технологияларын әзірлеу және апробациялау;

- инклюзивті білім беру жағдайында оқыту мен тәрбиелеу бойынша педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының біліктілігін арттыру мақсатында білім беру ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыру.

№ 51 орта мектебінің базасында орналасқан ресурстық орталығында осы мектептің 12 инклюзивті білім алатын оқушылар және 8 үйден оқытылатын оқушылармен арнайы кәсіби мамандар жұмыс жүргізеді. Нақтырақ айтсақ, кадрлық әлеует арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, инклюзивті оқыту саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және арнайы сынып пен инклюзивті оқыту сыныптарында жеткілікті тәжірибесі бар педагогтер.

          Ғылыми, оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстарға келетін болсақ, арнайы психологиялық – педагогикалық әдебиеттер, педагогтер мен ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар мен құралдар, әдістемелік ұсынымдар, инклюзивті оқытуды ұйымдастыру бойынша құралдар, инклюзивті білім беруді ендіру бойынша жұмыс тәжірибесін көрсететін оқу-әдістемелік, диагностикалық, ақпараттық және көрнекі құралдар, баспа материалдары, цифрлық ресурстармен жабдықталған.

          Ерекше білімді талап ететін оқушыларға арналған жұмыстар № 51 орта мектеп базасында ашылған  инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы «Дара» фонды, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және облыстық білім беру басқармасының көмегімен жүзеге асырылып жатыр.




РЕСУРСНЫЙ ЦЕНТР ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ.

      Все дети талантливы и имеют право на достойное образование и развитие, а своевременная и профессиональная помощь специалистов может изменить к лучшему жизнь и дать шанс на достойное и успешное будущее любого ребёнка, особенно - ребёнка с особыми образовательными потребностями.

В сотрудничестве с Управлением образования Жамбылской области благотворительным фондом «Дара» в Кордайском районе реализуется проект «Разные-Равные: создание в Казахстане инклюзивного общества». Проект направлен на расширение возможностей детей с особенностями развития в доступе к образованию и развитию. Проект также способствует более эффективному внедрению в стране инклюзивного образования и формированию в обществе позитивного отношения к людям с ограниченными возможностями. 

В КГУ «Средняя школа №51» Кордайского района обучаются   20 ребенка с особыми образовательными потребностями.  Из них в инклюзивных классах 12 детей, на надомном обучении 8 детей.  Для поддержки данной категории детей при поддержке частного фонда «Дара», фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust», областного Управления образования в нашей школе открывается Ресурсный центр инклюзивного образования.

        Ресурсный центр – это школьное пространство и зона сотрудничества специалистов, работающих с особыми детьми, и обычных педагогов. При поддержке Ресурсного Центра в школе создаются необходимых условий для полного и эффективного включения в общеобразовательные школы детей, имеющих особые образовательные потребности в обучении, оказание комплекса научно-методических услуг педагогам, работающим с детьми, имеющими нарушения развития, и их родителям. Дополнительно в рамках проекта ведется работа по социализации детей, находящихся на надомном обучении.