№51 ОМ-нің оқу жылында атқарған жұмысының талдауы » СШ №51
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№51 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №51 ОМ-нің оқу жылында атқарған жұмысының талдауы
10
август
2020

№51 ОМ-нің оқу жылында атқарған жұмысының талдауы

№51 ОМ-нің оқу жылында атқарған жұмысының талдауы


Жарғыға сәйкес білім беру мекемесінің толық атауы

Қордай ауданы әкімдігінің №51 коммуналды мемлекеттік мекемесі

(Жалпы мәліметтер)


  1. Мектептің құрылған жылы: 2006ж.
  2. Сыйымдылығы: 844
  3. Мектептің алып жатқан көлемі: 
  4. Оқушы саны: 1346
  5. Мұғалімдер саны: 106
  6. Оқу кабинеттері: 46
  7. Жұмыс реті: 2 ауысымда
  8. Медпункт: 1
  9. Егу кабинеті:1
  10. Асхана: 100 орындық. Оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
  11. Мультимедиялық кабинет саны: 1
  12. Компьютер кабинеті: 2
  13.  Компьютер саны: 98
  14. Интерактивті тақта: 6
  15. Толық жабдықталған кабинеттер саны: 4


  1. МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Байзақ көшесі №23а


Телефон:  8 (72636) 4-54-56


ЭЛЕКТРОНДЫ почта : e-mail:   shkolaa.51@mail.ru




Мектептегі білім берудің басты бағыты - жаңа уақыт талабына лайық жаңаша білім беру болып табылады. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

2019/2020 оқу жылы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқыды. 11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасы бойынша оқыды. 

Білім беру процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету 

  • Мектепалды даярлық сыныптарында, 1–4-ші сыныптарда білім беру процесі мына негізде жүзеге асырылды 
  • ҚР БҒМ 2018.31.10 № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; 
  • ҚР БҒМ м. а. 2016.12.08 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама); 
  • ҚР БҒМ 2012.20.12 № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары; 
  • ҚР БҒМ 2018.31.10 № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 
  • ҚР БҒМ 2012.08.11 № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
  • ҚР БҒМ 2013.03.04 № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасы («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016.08.04 № 266 енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен); 
  • ҚР БҒМ 2013.03.04 № 115 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (2018.10.05 № 199 енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен), және т. б. 
  • 5–9, 10-сыныптардағы білім беру процесі мыналардың негізінде жүзеге асырылды
  • ҚР БҒМ 2018.31.10 № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; 
  • ҚР БҒМ 2012.08.11 № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
  • ҚР БҒМ 2013.03.04 № 115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасы; 
  • ҚР БҒМ 2014.15.07 № 281 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және т. б. 
  • 11-сыныптағы білім беру процесі мыналардың негізінде жүзеге асырылды
  • ҚР БҒМ 2018.31.10 № 604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 
  • ҚР БҒМ 2012.08.11 № 500 бұйрығымен бекітілген орыс тілінде оқитын сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламасы (2013.27.11 № 471 енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен); 
  • 2013.03.04 № 115 бұйрығымен бекітілген таңдау курстары мен факультетивтер бойынша жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламасы; 
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2019.17.05 № 217 бұйрығы және т. б. 

  №51 орта мектебінің педагогикалық ұжымы  Ел Президентінің «Қазақстан-2050» жолдауын, «Білім туралы заңды», Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.  

            «Қазақстан Республикасы Тіл туралы» Заңына сәйкес 15-25 қыркүйек аралығында   «Қазақстан халқы Тілдер күні» атты онкүндіктің ашылу салтанатына орай мектеп оқушыларына саптық жиын ұйымдастырылып, оқушылар ана тіліне деген шексіз махаббатын жыр шумақтары арқылы білдірді. Айлықтың бірінші аптасында 15-25 қыркүйек аралығында 22 қыркүйек ҚР халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік өтті. Онкүндікте Тіл мерекесіне арналған қабырға газеттерін шығару, осы жылы ұлы Абайдың 175-жылдығын ескере, қазақ тілі пән мұғалімдері оқушылары арасынан Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, ӘБ жетекшілері басшылығымен мәжіліс залында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі әдістеме бірлестіктері бірлесіп Тілдер мерекесін Абайдың 175-жылдығымен ұштастырып үлкен салтанатты мектепішілік іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, бар өнерлерін көрсете білді. Абайдың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығына байланысты көріністер сахна төрінде кеңінен таралды. Осы іс-шараның өткізілуіне атсалысқан Беккулова А.Ж, Турысбаева Н.Т., Абдіраш А.С.сияқты пән мұғалімдерін ерекше атап өтсе болады. Белсене қатысқан мұғалімдер аталып, әкімшілік тарапынан алғыс білдіріп марапатталды.

             Мектепте оқу-тәрбиелік үдерісті іске асыруға барлық қажетті оқу-материалдық базасы бар, оның барлығы облыстық білім беру басқармасының нормативтік құжаттарына сәйкес атқарылады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында коучинг, семинарлар, ашық сабақтар шеруі ұйымдастырылды. Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге, оқу үрдісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. 

         Мектепте 106 мұғалім қызмет атқарады, 95 жоғары білімді, яғни жоғары білімді мұғалімдер 93,4% құрайды, 6-орта арнаулы білімді, барлығы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Біліктілік санаттары бойынша зерттеуші-педагог – 17 (16%), жоғары санатты – 6,  жалпы зерттеуші педагог пен жоғары санаттағы мұғалімдер 22,26 %   құрайды.   Сарапшы-педагог- 11 мұғалім, 1 санат – 14 мұғалім, жалпы сарапшы педагогтер мен 1 санаттағы педагогтер ұжымның 26,5% құрайды. Педагог-модератор – 7 мұғалім, 2 санат- 18 мұғалім, жалпы осы санаттағы мұғалімдер 24,38% құрайды. Санаты жоқ мұғалімдер – 22 мұғалім, жалпы пайздық көрсеткішпен 23,32% құрайды (жас маман мұғалімдер). 

              Педагогикалық кадрлардың аттестациясы Білім және министрлігінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау Ережелері» №83 бұйрығына сәйкес өткізілді.            2019-2020 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында аттестациядан өтуге 29 мұғалім өтініш беріп, 1-ші кезең ұлттық біліктілік тестілеуден 18 мұғалім сәтті өтіп, аттестатталудың екінші кезеңіне жіберілді. Нәтижесінде аттестатталушы мұғалімдер арасынан 9 педагог-зерттеуші, 5 педагог-сарапшы, 2 педагог-модератор біліктілік санатына ие болды.  Биылғы оқу жылдың 1-ші жартыжылдығында  аттестациядан өтуге 26 мұғалім өтініш берді. Аттестацияның 1-ші кезеңі біліктілік тестілеуден 17 мұғалім сәтті өтіп, 9 мұғалім қайта тестілеуге қалдырылды. Нәтижесінде 9 мұғалім педагог-зерттеуші біліктілік санатына, 4 мұғалім педагог-сарапшы біліктілік санатына (1 педагог портфолиодағы жетістіктерін толықтыруға 2019-2020 оқу жылының 2-ші жартыжылдығына қалдырылды), және 2 педагог-модератор біліктілік санатына ие болды.

Педагог-зерттеуші: 

  1. Мехнина Е.А.                                    6.  Қыстаубаева Ж.
  2. Шормантаева З.Н.                             7. Тлеубаева А.А.
  3. Тоғызбаева А.Ж.                                8.  Қалдарбекова А.Қ.  
  4. Суюинова А.Ж.                                 9.  Джунусова Ш.Ж.
  5. Каражигитова А.Д


Педагог-сарапшы:                       Педагог-модератор: 1. Писаренко Е.А.,  

  1. Мухамбетова М.                                                        2.Шолпанкулова А.Е.
  2. Арынова А.М.
  3. Файзулаева Л.Б.
  4. Джампеисова С.
  5. Алдебаева Г.А.


             2019-2020 оқу жылының  2-ші жартыжылдығында аттестациядан өтуге 20 мұғалім өтініш берді, 1 мұғалім денсаулық жағдайына байланысты, аттестациядан өтуге мүмкіндігі болмай қалды. Аттестатталудың 1-ші кезеңі біліктілік тестілеуден өту маусым айына жоспарланып, белгіленген кесте бойынша 4 мұғалім ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп келді, ұлттық біліктілік тестілеуден сәтті өтіп, нәтижесінде жоспарланған 2 педагог-шебер, 2 педагог-зерттеуші баллдарын жинап келді, алайда пандемияға байланысты карантин жарияланып қалған мұғалімдер біліктілік тестілеуге қатыса алмай қалды (кейінге қалдырылды: Ошанова Б.Ж., Рыскулова С.М., Кунжанова А.Б., Степанова Н.В., Молдажан А.Б., Молдажан Д.Т., Найзагараев А., Толбаева Н.М., Жауар А.У., Әбдіраш А.С., Аденова А.К., Байджигитова Ж., Чужебаева А., Кисиль З.И., Солтанбекова К.Т., Тоқбергенова Б.) Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп келген мұғалімдер (2 педагог-шебер, 2 педагог-зерттеуші), жоғарыда аталған себеппен  аттестатталудың екінші кезеңін аяқтаған жоқ, біліктілік санаты туралы бұйрығы шығарылған жоқ. Дегенмен келесі оқу жылында ұжымға 2 педагог-шебер санатындағы мұғалімдер қосылады.

          2020-2021 оқу жылына мұғалімдердің аттестациядан өту жұмысы жалғасады. Абдрасилова М.Т., Аликулова Р., Балабекова Ж., Канабекова Ж., Сейдекожаева М.М., Калкабаева Л.Т., Тлеубердиева Г. мерзіміне сәйкес 2020-2021 оқу жылында аттестациядан өту қажет. Мерзімінен бұрын аттестаталуға Аяпберген Айдар, Бектембаева К. өтінді. 

             Жыл бойы барлық іс-шараларға белсенді қатысқан мұғалімдер: Беккулова А.Ж.,Тынысбай Б.Ә., Джунусова Ш.Ж., Калдарбекова А.К., Суюинова А.Ж, Баркова О.В., Абдираш А.С., Мехнина Е.А., Аяпберген А., т.б.

             Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйыммен тығыз байланыста. Ұжымдағы моралдық-психологиялық жағдай қанағаттарлық. 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп оқу-тәрбие негізінде әдістемелік жұмыс жоспары жасалды. 

           2019-2020 оқу жылында мектептің өзекті мәселесі «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқушыларға берілетін білім сапасын арттыру және жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңейту».                                                  

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп моделін бағдарламаланған деңгейге шығару»

           Мақсаты: жаңа форматтадағы педагогикалық контингенттің қалыптасуына, үздіксіз оқумен өзін-өзі жетілдіруге, оқушылар ортасының қалыптасуына  ықпал ететін №51 орта мектебінің білім беру факторлары мен инновациялық ортасын дамыту жолдарын анықтау және оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар  арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

             Міндеттері: 

1.Бала тұлғасын дамытуға және мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған жұмыс тәжірибесіне тиімді педагогикалық технологияларды   енгізу негізінде білім беру үрдісін жетілдіру;

2.Шығармашылықпен  жұмыс   жасайтын мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату;

3.Білім беру үрдісі мен педагогикалық ұжымның біліктілігін жетілдіру жүйесінің ақпараттық- әдістемелік қамтылуы;

4.Мемлекеттік-қоғамдық басқару және мектеп дамуының жүйесі мен механизмдерін дамыту, қоғамдық пікір мониторингін жасау және дамыту, білім беру үдерісі субьектілерінің өзара әрекеттестік технологиялары мен механизмдерін жаңарту

Күтілетін нәтиже:

-Мектеп мұғалімдері үнемі инновациялық іс-әрекетке, өз білімін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс атқаруға ынталанады (жас мамандар мектебі)

-Шығармашылық жұмыс істейтін педагогтардың тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату жұмысы белсенді болады

-Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен әдістемелік дайындық жүйесі артады 

-Жас және жаңадан қабылданған мамандардың қызметіне әдістемелік көмек көрсету 

Мектепте әдістемелік жұмыс қызметі өз дәрежесінде атқарылды.

2019-2020 оқу жылындағы мектептің өзекті мәселесі: «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқушыларға берілетін білім сапасын арттыру және жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңейту». Биылғы оқу жылында ұжым аталған мәселенің «Мектеп моделін жетілдіру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс атқарды. 2019-2020 оқу жылы Әдістеме Бірлестіктері жылы атанды.    Мектептің өзекті мәселесін іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында басымды міндеттері ӘБ жұмыс жоспарларында нақты көрсетіліп атқарылуы және нәтижеге жетуі көзделген. Авторлық бағдарламалар мен ғылыми жобалар білім сапасын жоғарлату факторлары ретінде, авторлық бағдарламалар, ғылыми жобалар кейсін жасау, ынталандырылған білім алушылардың деректер қорын жасау жүзеге асты. Папушина Л.Н., Сатылганова Ж.К., Турысбаева Н.Т. авторлық бағдарлама жұмыстары аудандық кезеңінен өтіп облыстық деңгейге жіберілді, алайда пандемияға байланысты нәтижесі шығарылған жоқ. Әдістеме бірлестіктері 2019-2020 оқу жылына жоспарланған  жұмыстарын    өз уақытында  өткізіп отырды. Мектеп ұжымы нормативтік іс-құжаттармен,әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып,бекітілді. Әрбір пән мұғалімдері тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрып,бекітілді.

          Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 4 әдістемелік отырыстар жоспарланды.

№1. «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру»

№2. «Заманауи интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыруда білім беру кеңістігін модельдеу, критериалды бағалаудың тиімділігі»

№3. «2019-2020 оқу жылында ӘБ жоспарларын жүзеге асыру мақсатында І жартыжылдықта атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстардың жағдайы (авторлық бағдарлама, ғылыми жоба, олимпиада, конкурсқа қатысу, публикация жариялау, ...)»  

№4.«Әдістеме бірлестіктердің шығармашылық еспетері»

Мектептің бекітілген бұйрығы негізінде 6 (8) пән,  бірлестігі құрылып, жетекшілері белгіленген.

 Мектеп әдістемелік кеңесінің құрамына барлық әдістемелік бірлестік жетекшілері енді. Әрбір ӘБ жыл бойы мектеп әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты болып келетін өз әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істеді. ӘБ өз қызметін мұғалімге көмек көрсетуге, олардың өз тақырыптары бойынша теориялық және практикалық ақпараттарын талқылауға, жоба бойынша жұмыс қызметін, оқу процесін ұйымдастыруға бағыттады.

Оқу үрдісінде жетекші роль педагогқа тиесілі болғандықтан, әр ұстаз өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқара білуге, дербес жұмыс істеуге ұмтылды.Әр мұғалімнің өздігінен білімін көтеру жұмысы жоспары бар. Бұл жоспарларды қарастыра отыра, олардың келесі негізгі жұмыс бағыттарын көрсетуге болады:

-Түрлі сабақ формаларын ұйымдастыру бойынша әріптестерінің прогрессивті тәжірибелерімен танысу;

-Жаңартылған білім бағдарламаларымен, концепцияларымен танысу, қолдану;

-Білім беру басшылық органдары шығаратын нормативтік құжаттармен танысу;

-Әріптестерінің мектептік, аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі алдыңғы қатарлы әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысу;

Педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру жүйесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар түрлі әдістемелік іс-шараларға қатысты.

Мектеп мұғалімдері әріптестерімен, біліктілік көтеру курсы тыңдаушыларымен іс-тәжірибелерімен бөлісті, ( сертификатқа ие болды).

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың кәсіпті саналы түрде таңдау жасай білу мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсатта кәсіп туралы ақпарат, кәсіптік жарамдылық, маңызды кәсіп түрлері, кәсіби мансап, қоршағандардың (ата-ана, жолдастар, таныстар, достар, әріптестер) өзара сыйластықты қарым-қатынасына негізделген адамның қажетті кәсіби қасиеттері туралы ақпарат берілді.

Жұмыс қорытындысы әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланды.

Оқу жылы барысында бірлестіктер жоспарға сай жұмыс жүргізді, алайда белгіленген іс-шараларды мерзімінде орындамаған ағылшын тілі пән бірлестігі (жетекшісі А.Арынова), дене шынықтыру пәні бірлестігі (жетекшісі Д.Рамазанов).

Қыркүйектен сәуір айына дейін пән апталықтары жоспарланды. Пандемия басталғандықтан сәуір айында жоспарланған бастауыш сыныптарының пән апталығы атқарылмады. Пән апталықтары барысында  барлық әдістемелік бірлестіктер жауапкершілікпен қарады, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, әдістемелік стендке жұмыстарын ілді. Үздік ашық сабақтар ӘБ отырысында аталып өтті.   Қазақ тілі, шет тілдері ӘБ және география, биология, химия ӘБ, математика, физика, информатика ӘБ апталықтары талапқа сай өтіп, бірлестік мүшелері сабақтарға ұйымшылдықпен қатысты. 

  Пән апталықтары бойынша кемшіліктер де болды. Жоспарланған іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыруға, дамытуға негізделіп құрылмаған. Тек ашық сыныптан тыс шараларды жоспарлаумен шектелген. Сабақтың мақсатын құрып, міндеттерін нақты айқындай білмейтін, ұстаздармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен жаратылыстану-математикалық пәндер( жетекшісі Б.Ж. Ошанова), тарих (жетекшісі Ш.Ж. Джунусова), қазақ тілі (жетекшісі А.Ж. Беккулова) бірлестігінің апталықтары жұмыс жоспарларында:·тренингтер, коучинг, ашық сабақтар,пікірсайыстар, көрме түрінде ұйымдастырылды.

       Дарынды оқушылармен жұмыс 2 бағытта жүргізілді:

1.Олимпиадаға дайындық жұмыстары

2.Қызығушылықтары бойынша үйірмелер

Қараша айында мектепішілік олимпиада өткізіліп аудандық олимпиадаға баратын оқушылар іріктелініп алынды.                                                                                                                                                Әдістемелік бірлестік мұғалімдері аудандық олимпиадаға өз   оқушыларын дайындап, оқушылар желтоқсан айында аудандық олимпиадаға жіберілді.       

       Аудандық пән олимпиада нәтижесінде жүлделі орынға 18 оқушы ие болды.

Оқушының толық аты-жөні

Сыныбы 

Оқыту тілі

Пәні

Пән мұғалімінің толық аты-жөні

  1. 1

Түзелбай Аяжан Мейрамбекқызы

қазақ

Химия

Жетпісбай А.А.

  1. 2

Ахметчиева Аяжан Амантаевна

қазақ

Орыс тілі

Алмасбекова А.К.

  1. 3

Асыл Дильназ Мұратқызы

қазақ

Қазақстан тарихы

Тынысбай Б.Ә.

  1. 4

Алиева Ұлжан Жаныбекқызы

қазақ

Қазақ тілі

Беккулова А.Ж.

  1. 5

Бердібек Гүлайым Ұланқызы

қазақ

Физика

Досымкулова З.М.

  1. 6

 Тагиева Рамина Фапмановна 

орыс

Ағылшын тілі

 Абдуллаева А.Т.

  1. 7

Трипунова Олеся Геннадьевна

орыс

Орыс тілі

Михайлова С.В.

  1. 8

Рат Яна Александровна

орыс

География

Хайдарова Л.М.

  1. 9

Бирюков Василий Владимирович

орыс

Қазақстан тарихы

Докшина А.Ю.

10

Тұрғали Інкәр Аманқызы

10А

қазақ

Ағылшын тілі

Кунжанова А.Б.

11

Азімхан Аяулым Маратқызы

10А

қазақ

Қазақ тілі

Беккулова А.Ж.

12

Тәттімұрат Дамир

10Ә

қазақ

Биология

Қалдарбекова А.Қ

13

Сансызбай Бекзат  Бақытұлы

10Ә

қазақ

Математика

Аликулова Р.А.

14

Ерменбай Сымбат Амангелдіқызы

10Ә

қазақ

Физика

Досымкулова З.М.

15

Джабарова Юлия Алавердиевна

10В

орыс

Қазақ тілі

Тұрысбаева Н.Т.

16

Хохулин Елизар Николаевич

10В

орыс

Қазақстан тарихы

Джунусова Ш.Ж.

17

Демочко Александра Александровна

10Г

орыс

Ағылшын тілі

Баркова О.

18

Марат Дильназ Ерболқызы

11А

қазақ

Қазақ тілі

Есмаханбетова Ж.Т.



      Мұғалімдер дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс   жүргізеді, соның нәтижесінде   қашықтық олимпиадалар мен конкурстардың барлық деңгейлеріне оқушыларды белсене қатыстырды. Әр түрлі байқауларға қатыстырып, оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 

Оқушылардың ғылыми жоба бойынша жұмыстарының нәтижесі мектептің жетістіктер жиынтығына 5 жүлделі орын әкелді. 

Халықаралық (жанды) - 13 жүлделі орын. Республикалық (жанды) 11 жүлделі орын. 

«Русский медвежонок» -17 жүлделі орын; 

«Кенгуру» - 67 жүлделі орын; 

«Золотое руно» - 28 жүлделі орын;

«Человек и природа» - 46 жүлделі орын;

«Bruitish Buldog» -   31жүлделі орын; 

 «Ақбота» - 78 жүлделі орын;

          КИО, NIO, TIO – 123 жүлделі орын; 

Республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулар(қашықтық) -10 жүлделі орын.   ККО, Мегаталант, Интолимп республикалық және халықаралық қашықтық олимпиада мен байқаулар  - 92 жүлделі орын 

       «Көкжиек» қашықтық байқау -  17 жүлделі орын.                                               

     Облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулар        (жанды) – 17жүлделі орын.      Аудандық пән олимпиадасы – 18 жүлделі орын, жанды байқаулардан алған жүлделі орын саны – 18.

                  Мұғалімдер жұмыстарын бірлесіп атқарғаны, олимпиада мен байқауларға қатысу бойынша  әдістемелік кеңес беру жұмысы жақсы нәтиже әкелуге мүмкіндік   берді. 

          Жас және жаңадан келген педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін «Жас маман» мектебі ашылды, директордың бұйрығымен тәлімгерлер тағайындалды. Бүгінгі күні мектепте барлығы 19  жас маман еңбек етеді. Оқу жылының басында жас мамандарға 03.09.2019ж № --   бұйрықпен   тәлімгерлер бекітілген: 

       №51 ОМ бойынша 2019-2020 оқу жылында жас мамандарға педагогикалық шеберліктерін шыңдау мен ұжымға психологиялық бейімделуіне көмек көрсету мақсатында жас мұғалімдер әдістемелік бірлестігі құрылды.   Жас мұғалімдер мектебі  жұмысын бақылау директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарына жүктелді. Жас мұғалімдер мектебінің жетекшісі болып тарих пәні мұғалімі Б.Ә Тынысбай тағайындалды.  Оқу жылының бастапқы жарты жылдығында 15 жас маман тіркелсе, келесі жарты жылдықта ұжымымызға 4 жас мамаман келіп қосылды. Барлығы 19 жас маман болды. 

             Оқу жылының басында қыркүйек айында жаңадан келген жас мамандармен танысу мен тәлімгерлерді тағайындау отырысы болып өтті. Мектеп директорының бұйрығымен тәжірибелі ұстаздар тәлімгер болып тағайындалды.  Сонымен қатар қыркүйек айында жас мамандарға педагогикалық психологиялық көмек беру мақсатында мектеп психологтары Абуева Меруерт Серікбаевна мен Эльшайдт Татьяна Андреевна психологиялық кеңес жүргізді. Наурыз айында «Жағдайың қалай жас маман?» байқауының ережесі мен жоспары талқыланды. Сонымен қатар жас мамандардың байқауға жауапкершілікпен дайындалуы керектігі баса айтылды. 

     Сәуір айында  «Жағдайың қалай жас маман?» байқауын өткізу жоспарланған еді. Қоғамдағы алған жағдайларға байланысты байқау қашықтықтан өткізілді. Байқаудың мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебер екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке,өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Байқау өте қызықты әрі тартысты өтті. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша комиссия мүшелері арнайы тоқталып өтті. Екінші кезеңінде әрбір байқауға қатысушы ұстаздарға алғыс айтылып шеберліктеріне қарай номинациялар  берілді.

            Аудан көлемінде 30.01.2020 күні жас   мамандардың кәсіби қалыптасуын олардың жоғары деңгейде әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беру, жас мамандарды білікті ұстаз етіп тәрбиелеу, дайындау мақсатында семинар өткізілді. Семинарда білікті ұстаздар мен тәжірибе тарата білген тәлімгерлер жоғарғы деңгейде аудан көлемінде ашық сабақтар өткізді. Семинар жоғары деңгейде жүргізіліп аудандық білім бөлімі тарапынан алғыс хаттармен ұстаздарды марапаттады.       


         Жоспарланған жұмыстар уақытымен өткізілсе де, жас мұғалімдерге тәлімгерлер тарапынан көмек жеткіліксіз деңгейде көрсетілді. Жас мұғалімдер мектебінің жұмысы «қанағаттарлық» деп есептеледі. Ұсыныс: жас мамандар мектебінің жетекшісіне жас мамандардың тәлімгерлеріне қойылатын талаптары күшейтілсін. 

         Мұғалімдер қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін педагогтер Skype, WhatsApp, YouTube-каналында трансляция және т.б   түрлі платформалар мен сервистерді   белсене  пайдаланды


       2019-2020 оқу жылындағы озық тәжірибелерді анықтау, зерделеу, жинақтау және насихаттау жұмысы атқарылды.  2019-2020 оқу жылында №51 орта мектебінің мұғалімдеріне авторлық бағдарлама байқауына  қатысуға   жұмыстарын әзірлеп АББ-не сұраныс берілген, бірақ  З.Н. Шормантаеваның дайындаған жұмысын аппробациядан өткізуге ұсынылды және келесі оқу жылына қалдырылды, Джунусова Ш.Ж. жұмысын кейінгі оқу жылына толықтыруға қалдырды.


Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

Пәні

Тақырыбы

1

Сатылганова Жанаркүль  Куатовна


4

Математика

«Қызықты математика»


2

Сатылганова Жанаркүль  Куатовна


4

Қазақ тілі

«Жазу мәдениеті»


3

Шормантаева Зина Нурмахановна


1-4

Дүниетану

«Қоршаған орта»


4

 Джунусова Шолпан Джумагалиевна


 10-11

История Казахстана 

«Личность и эпоха»


5

Папушина Лариса Николаевна


9-11

Самопознание

«Как стать успешным»


6

Турысбаева Назым Турганбековна


6

Қазақ тілі мен әдебиеті

«Уәжі төмен оқушылармен жұмыс »


Нәтижесінде  кестеде көрсетілген мұғалімдер авторлық бағдарлама әзірлеу жұмыстарын атқарды. АББ-не ұсынылған авторлық бағдарламала жұмыстарынан бөлек Аденова А.К. авторлық бағдарлама сайысына қашықтан қатысты. Беккулова А.Ж. жұмысын жалғастыруда, авторлық бағдарлама бойынша жұмысын келесі оқу жылында аяқтауға жоспарлады            


Жұмыс мазмұны

Зерттеу мерзімі

Жинақтау мерзім

Тарату мерзімі

Жауапты

5

Сөз мәдениеті – шешендік өнер

2017-2018

2018-2019

2019-2020

Аденова А.Қ.


Көркем әдебиетті оқытудың тиімді жолдары

2018-2019

2019-2020

2020-2021

Беккулова А.Ж


            Жыл бойы барлық іс-шараларға белсенді қатысқан мұғалімдер: Беккулова А.Ж.,Тынысбай Б.Ә., Джунусова Ш.Ж., Калдарбекова А.К., Суюинова А.Ж, Баркова О.В., Абдираш А.С., Мехнина Е.А., Аяпберген А., т.б.


  Мұғалімдер қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін педагогтар Skype, WhatsApp, YouTube-каналында трансляция және т.б   түрлі платформалар мен сервистерді   белсене  пайдаланды.

        4 тоқсанда дистанционды оқыту барысы бейнесабақтарды даярлап облыстық  байқауларға қатысу мүмкіндігін тигізді. Тынысбай Б.Ә., Джунусова Ш.Ж., және т.б. мұғалімдердің бейнесабақтары мен Ұлы жеңіс күнінің 75 жылдығына орай жасалған бейнероликтері Ютуб каналында жарияланды.  Сонымен қатар қашықтан білім алу аясында оқушылар да белсенділік танытып, көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 

              Қорытынды талдаудың негізінде 2019-2020 оқу жылының әдістемелік жұмысы қанағаттарлық деңгейде орындалды.  

Оқу процесін мектепішілік бақылау

Бақылау мақсаты: мектептегі ОТП-нің жай-күйі туралы толық әрі жан-жақты ақпарат алу, педагогикалық процеске түзетулер енгізу. 

Міндеттері

·мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жүйелі тексеру;

·оқу пәндерін оқыту, әдістемелік жұмыс сапасын жүйелі бақылау;

·оқушылардың білімді меңгеру процесін, сондай-ақ олардың даму деңгейін кезеңдік, ағымдық бақылау; 

·ОТП-не көмек көрсету;

·мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен танысу және жалпылау;

·барлық жоспарлың орындалуын тұрақты тексеру және мектепте қабылданған шешімдердің орындалуы; 

·мектепте тәрбие жұмысының жүргізілуін бақылау.

Жаппай оқытудың орындалуын бақылау

Мақсаты

·оқушылардың сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асыру;

·оқу үшін жағымды жағдай жасау.

Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау және жұмыс жүйесі қалыптасты (бірінші және соңғы сабақта күнделікті бақылау, күнделікті және апта сайынғы есептер). Сабаққа жақсы қатысудың нәтижесінде оқу үлгерімі де көтеріледі. Маңызды себепсіз сабаққа қатыспаудан туындайтын қиындықтар уақтылы шешімін тапты. 

Оқушылардың мектепте жұмыс істеуі үшін санитариялық-гигиеналық, педагогикалық, психологиялық жағдайлар СанЕН талаптарына сәйкес бекітілді. Жылу, жарық режимі сақталады. Сабақ кестесі мен оқушылардың жүктемесі қалыпты. ҚТ журналы уақтылы тексеріледі, ескертулер жоқ. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасалады. 

Мұғалімдердің оқушылар дәптерімен жұмысын бақылау

Мақсаты: дәптердің болуын тексеру, бірыңғай орфографиялық режимді сақтау, сабақтағы жұмыс көлемі. 

Тексеру нәтижесі бойынша анықтама жасалды. Дәптер тексеру нормасы мен сабақтағы жұмыс көлемі негізінен талапқа сай, оқушылардың көбісі орфографиялық режимді сақтайды. Кері байланыс тұрақты байқалмайды. 

Ұсынымдар:

·директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, ДӘІЖО орынбасары  мұғалімдердің бәрі бірыңғай талаптардың орындалуына қол жеткізу үшін дәптер тексеруі тиіс; 

·оқытушылар оқушылардың дәптерімен жұмысқа қатысты талапшыл болуы тиіс.

Оқу пәндерін оқыту сапасын бақылау

Мақсаты: оқушылардың пән бойынша оқу сапасын бақылау, оқу бағдарламаларын орындау. 

Тексерудің қорытындысы бойынша анықтама жасалды, жиналыстар өткізілді.

Осы жылы сабақтарға қатысу және талдау арқылы мына мәселелер бақыланды:

·сабақтың тәрбиелік бағыты;

·оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;

·оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·оқу әдістерін тиімді қолдану;

·сабақты уәждемелік қамтамасыз ету.

Сабақтарды талдау барысында ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. Жалпы оқытушылар сабақ өткізуге жауапкершілікпен қарайды, кәсіпқойлық деңгейін көтеруге тырысады, оқушылармен түрлі жұмыс нысандары мен әдістерін қолданады, бұл ретте жаңа пежагогикалық технология элементтерін, соның ішінде АКТ қолданады. 

Ұстаздардың бәрі пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұны курстарынан өтті.

Ұсынымдар:

·оқытушылардың қызметін өзіндік талдау дағдыларының деңгейін көтеру;

·сабақ өткізу нысандарын түрлендіру;

·жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін белсенді енгізу, сабақта АКТ қолдану;

·ӘБ арқылы озық тәжірибені жинақтау және жалпылау бойынша жұмысты қадағалау.

Оқушылардың БДМ бақылау

Мақсаты

·оқушылардың БДМ деңгейін, білім сапасын арттыру бойынша мұғалімдер жұмысын бақылау;

·білім сапасын арттыруға кері әсер ететін факторларды анықтау.

Білім сапасын бақылау және мониторинг жүргізу мына бағыттар бойынша жүргізілді:

·әкімшілік;

·аралық;

·жыл бойынша қорытынды;

·бақылау, практикалық, зертханалық жұмыстар кестесін орындау;

·қорытынды аттестаттау.

Әр бақылау түрінің қорытындысы бойынша анықтама жасалды, жұмыс кеңестері мен педкеңестер өткізілді. 

 Негізінен 2019/2020 оқу жылына белгілерген міндеттер орындалды. Білім сапасы  54% (өткен оқу жылымен салыстырғанда оң динамика байқалады). 

Ұсынымдар:

·мұғалімдер оқу үлгерімі төмен және оқуға деген ынтасы жоқ оқушылармен жеке жұмыс нысандарын жетілдірсін; 

·ӘБ-тің жұмыс жоспарына пәндер бойынша білім сапасына мониторинг жүргізу мәселелері енгізілді. 

Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Мақсаты: 

·білімдегі кемшіліктерді жою бойынша жеке жұмысты бақылау;

·кеңес берулер, оқытушылар жұмысы, сабаққа қатысуы бойынша оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты тексеру; 

·жыл ішіндегі үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, үлгермеушілік себебін талдау.

Оқу үлгерімі төмен оқушылар бастапқы бақылау (мектеп курсында бақылау срездерін) өткізген соң анықталады, жиналыстар мен педкеңестерде мына мәселелер талқыланады: сабақтағы жеке жұмыс арқылы кемшіліктерді жою, білім алушылардың ата-аналарымен байланыс, танымдық қызметке ынтаны арттыру туралы. 

Үлгермеушіліктің себептері: зерденің әлсіз дамуы, нашар жады, баланың психикалық және эмоционалды даму ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтың болмауы және оқуға деген төмен ынта, білімдегі кемшіліктер, оқу еңбегі дағдысы дамымаған, мектептен тыс ортаның кері әсері (отбасының, құрдастарының). 

Пән мұғалімдері оқу үлгерімі төмен оқушылармен жеке жоспар бойынша жұмыс істейді, бұл ретте сабақта оқудың сараланған тәсілін жүзеге асырады. 

Оқу үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, мұғалімдер үлгермеушіліктің алдын алады, оның себебін анықтайды және сәйкесінше білім алушылардың кемшіліктерді жоюына көмектеседі. 

Ұсынымдар: Үлгерімі төмен оқушының мінездемесін жазып, себептерін анықтап, осы оқушылар үшін жетістікке жету жолын белгілеп, «оқушы – мұғалім – ата-ана» байланысында жұмыс істеу керек. 

Kundelik.kz электрондық журналымен жұмысты талдау

Kundelik.kz электрондық журналын енгізу талаптарға сай. ЭЖ-ны жүргізу ережелеріне сәйкес пән мұғалімдері сабаққа келмегендерді белгілеп, оқушыларға баға қойып, оқушыларға ұсынымдар мен пікірлер жазады, сабақ жоспары мен үй тапсырмасының жазбасын жүргізеді. 

Журналды тексерулер мұғалімдердің жұмысындағы мына кемшіліктерді анықтады:

  • жекелеген мұғалімдердің оқушылардан сауалдама алу жүйесі жоқ;
  • кейбір мұғалімдер сабақ күні мен тақырыбын уақтылы жазбайды және т. б.

Ата-аналармен жұмысты талдау

Мектептегі ата-аналармен жұмыстың негізгі нысанына ата-аналар жиналыстары жатады (сыныптық, сондай-ақ жалпы мектептік); сынып жетекшілерінің және мектеп әкімшілігінің ата-аналармен жеке әңгімелесулері. Өткен оқу жылы төрт ата-аналар жиналысы өткізілді: қыргүйекте – ұйымдастырушылық, желтоқсанда – бірінші жартыжылдықты қорытындылау, ақпанда – қорытынды аттесттаудың ерекшеліктері, мамырда – оқу жылы соңының қорытындылары (ақпан айында– бітіру сыныбының оқушылары үшін жалпы мектептік ата-аналар жиналысы). Пандемия басталған уақытынан бастап, белгіленген карантин ережелеріне сай барлық іс-шара қашықтан ұйымдастырылп өтті.    9, 11-ші сынып ата-аналарының жиналысы маңызды әрі қажет, мұнда мектеп әкімшілігі ата-аналарына балаларына білім беру жолын көрсетеді. Сонымен бірге ата-аналарды 2020 жылғы ҰБТ өткізу тәртібімен таныстырды, оларды негізгі және жалпы орта білім туралы аттестат алу бойынша талаптарды түсіндірді. 

Ата-аналар жиналысы сынып жетекшісінің оқушылардың ата-анасымен жақсы жұмыс істегенін көрсетті. Мектепте оқу үлгерімі төмен оқушылар мен бағдарламаны игере алмайтын оқушылардың ата-аналарымен тұрақты жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ бұл жұмыс сынып жетекшісімен және мектеп әкімшілігімен әңгімелесулер нысанында өткізіледі. 

          2019-2020 оқу жылының жұмысын қорытындылай отырып, 2020-2021 оқу жылына келесі ұсыныс жасалады: 

1.ҰБТ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын жүйелеу

2.Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау

3.Әр пән мұғаліміне әртүрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ-ға дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өңдеу

4.2020-2021 оқу жылына 10 сынып оқушыларын іріктеу бойынша сапалы жұмыс жүргізу

5.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үрдісінде психологиялық қызмет көрсету және консультация беру бағдарламасын жетілдіру.

6.  Білім сапасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының тиімділігі мен оңтайлылығын арттыру. 

7.Дарынды балалармен жұмысты жандандыру, күшейту

8.Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мен кадет сыныптар жұмыстарын жетілдіру 

9.Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру

10.  АКТ-ны пайдалану арқылы бірегей ақпараттық кеңістік құру

11.  Оқушылардың бос уақыттарын толық қамту жұмыстарына ата-аналардың қатысуын белсенді ету

12.  Сынып жетекшілерінің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың инновациялық формалары бойынша практикалық семинарлар өткізу.