"Қашықтықтан оқыту туралы" баяндамасы » СШ №51
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№51 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қашықтықтан оқыту туралы" баяндамасы
27
май
2020

"Қашықтықтан оқыту туралы" баяндамасы





           «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды әрбір қазақстандық сезінуі тиіс. Осы орайда мектеп ұстаздары  келешек ұрпаққа  білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты іс екені бәріне мәлім. Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты қашықтықтан оқытуды да бастап, талаптарды орындап 4 тоқсанды да аяқтадық. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында, оқушылар мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан You Tube, Zoom, Kundelik.kz интернет желілерін қолданып, оқушылармен WhatsApp желісі арқылы тығыз байланыс та орнатылды.
Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатты, тиімді жақтарын көре білдім десем де болады.
Мұғалім де, оқушы да ақпараттық технология мен коммуникация құралдарын білім алу негізінде жұмыс жасап, тереңірек игерді.
Барлық оқушылармен кері байланыс орнатып отырды.Сонымен қатар ата - аналардың, оқушылардың ұстазға деген мейірімділіктерінің кеңейгенін байқадым.
Көп жағдайда бір-бірімізге бетпе –бет айта алмайтын жақсы тұстарымды, қашықтықта отырып жеткізе алғандаймын.
Дегенмен, мектепте оқушылармен бетпе – бет отырып, дәстүрлі сабақ өткеніме жетпейтіні белгілі. Бәрі де уақытша екенін білемін, ендеше  қашықтықтан оқыту да уақытша. Мәңгілік елдің ұрпағы – біздің болашағымыз!
Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқарды. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алдық. Биылғы оқу жылымыз сәтті аяқталатын тәрізді, 3 алтын белгі 1 үздік аттестат келе жатыр.
Төтенше жағдай аяқталып, келесі оқу жылында амандықпен қауышайық!
51 орта мектеп директоры
Нусипбаева Кулсимхан Уркембаевна